4 Қараша 2026, 16:31 Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

100 миллион теңгенің «олжасы»: Шекарашылар Қызыл кітапқа енген 11 сұңқарды заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті

Қызыл кітапқа енген сұңқарларды заңсыз әкету әрекеті анықталды.

Түркістан облысында шекарашылар Қызыл кітапқа енген 11 ителгіні елден шығармақ болған әрекеттің жолын кесті. Қазақстандық «Целинный» өткізу пунктінде ұсталды. Бұл туралы ҰҚК-ның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2026 жылғы 31 қазанда Түркістан облысындағы «Целинный» өткізу пунктінде шекарашылар Қызыл кітапқа енген 11 ителгіні контрабандалық жолмен әкету әрекетінің жолын кесті. Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды. Тәркіленген құстардың қара нарықтағы құны 100 млн теңгеден асуы мүмкін. Аталған факті бойынша материалдар тиісті процестік шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды, - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі. 

ҰҚК Шекара қызметі сирек кездесетін және қорғауға алынған жануарлар түрлерін ел аумағынан заңсыз әкету фактілерінің жолын кесу бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды тұрғынының 35 жыртқыш құсты заңсыз ұстағаны анықталды. 

Тағы оқи отырыңыз: 

Жануарлармен сөйлесу дәуірі жақын ба? Ғалымдар ЖИ мүмкіндігін зерттеп жатыр