1 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған. Танктерге ескі қозғалтқыштар қойылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаржылық мониторинг агенттігінің ШҚО бойынша аумақтық департаменті «Семей машина жасау зауыты» АҚ лауазымды тұлғаларының 1 миллиард теңгеден астам қаржы ұрланғанын анықтады.
Ұрлық қосалқы бөлшектердің құнын асыра бағалау және еліміздің әртүрлі әскери бөлімдерін пайдаланылған танк қозғалтқыштарымен, сондай-ақ танк құлаққаптарымен қамтамасыз ету арқылы жасалған.
Тергеу барысында зауыт бас директорының бірінші орынбасары Сүлейменов Қ.Р. танктерге арналған жаңа қозғалтқыштардың орнына әдейі 1985 - 2012 жылдары шығарылған қозғалтқыштарды жеткізуді ұйымдастырған, - делінген хабарламада.
Семей қаласы сотының үкімімен Қ.Сулейменов кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы