28 Шілде 2026, 11:15
Фото: Туризм және спорт министрлігі
1 млн долларлық жүлде: Астанада Dota 2-ден 16 команда күш сынасады
Астанаға Dota 2 бойынша әлемнің ең мықты командаларының бірі – Xtreme Gaming және Vici Gaming келді. Олар Samruk-Kazyna қолдауымен өтетін «Болашақ ойындары – 2026» (GOTF 2026) халықаралық турнирінде өнер көрсетеді.
Xtreme Gaming командасы Қазақстанға «Болашақ ойындарының» қазіргі чемпионы ретінде келіп отыр. Команда сапында Ame, NothingToSay, Xxs, fy және xNova сынды танымал ойыншылар бар. Сонымен қатар ұжым The International 2026 турниріне тікелей жолдама алған.
Vici Gaming – Dota 2 тарихындағы ең танымал киберспорт ұйымдарының бірі. Команда The International турнирінің финалына дейін жетіп, ұзақ жылдар бойы әлемдегі жетекші халықаралық жарыстарда тұрақты жоғары нәтиже көрсетіп келеді.
- Қазақстанда цифрлық активтер саласында 34 жоба іске асырылып жатыр 10:54
- Атырауда дроннан күдікті зат салынған 11 пакет табылды 10:50
- Тоқаев Lotte басшысымен кездесті: Қазақстанда жаңа қонақүйлер салынады 10:31
- ҚМА алаяқтардың Агенттік атынан жалған хат таратып жүргенін ескертті 10:18
- Жала жауып, жазасыз қалуға бола ма? Қазақстанда жалған айғақ бергені үшін қандай жаза бар 10:00
- Семей, Түркістан және Жетісуда ірі жол жобалары биыл аяқталады 09:49
- Алматыда көлден оқ-дәрі салынған сөмке табылды 09:33