"Ғылым қоры" басқармасының бұрынғы төрағасына 57 млн теңге айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР БҒМ "Ғылым қоры" басқармасының бұрынғы төрағасы сыбайлас жемқорлық үшін сотталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР БҒМ "Ғылым қоры" АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы А.Ж.Сұлтанғазинге қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді жүргізді.Ол Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры А.Т.Едрисов үшін ҚР Білім және ғылым министрінің жеке қабылдауын ұйымдастырғаны үшін одан 5 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деп күдіктелді. 18 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласының Алматы ауданының №2 аудандық сотының үкімімен А.Ж.Сұлтанғазин кінәлі деп танылып, оған 57 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, - делінген хабарламада.
Аталған тұлға өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдар атқару құқығынан айырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Таразда Сәбит Дүйсебаев атындағы жаңа дәрісхана ашылды
Өзгелердің жаңалығы