Құтқарушылар ұйымдастырған акцияға 400-ге жуық балақай қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары «Ауғанстандағы соғыстың ардагерлері» қоғамдық ұйымымен бірлесіп, балаларға арналған танымдық іс-шаралар өткізді. Бұл туралы altaynews.kz хабарлады.
Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған бұл іс-шараларға Өскеменнің іргесіндегі «Зоя» балалар сауықтыру лагерінде жазғы каникулдарын өткізіп жатқан 400-ге жуық балақай қатысты. Акция аясында балалар құтқарушы, өрт сөндіруші, парашютпен секіруші сияқты мамандардың қызметімен жақынырақ танысып, бірнеше байқауға қатысуға мүмкіндік алды. Жалпы алғанда, лагерьде бес түрлі байқау ұйымдастырылды.
"Мұндай іс-шаралар кейінгі ұрпаққа қызықты, ең бастысы пайдалы болатынына сеніміміз мол. Өйткені, бұл жерде балалар іс жүзінде өзінің және басқаның өмірін сақтап қалуға көмектесетін іс-қимылдарды үйренеді", - дейді облыстық ТЖД маманы Анастасия Скляр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы #Birge #TazaQazaqstan акциясын қолдады
Өзгелердің жаңалығы