Шығыс Қазақстандағы Call-орталықтың 230 қызметкері үйден жұмыс істейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдай кезінде медициналық-санитарлық қызметтермен қатар, "Азаматтарға арналған үкімет" Шығыс Қазақстан облыстық филиалының колл-орталығы үздіксіз жұмыс істейді, деп хабарлайды филиалдың баспасөз қызметі.

 Қызметкерлердің айтуынша, күніне екі жүзден астам қоңырау келіп түседі.
Телефон бір минут үнсіз қалмайды. Әрине, біздің азаматтарымызға көп нәрсе түсініксіз, біз бәрін түсініп, көмектесуіміз керек. Түсініксіз сұрақтар, өтініштер бар. Мысалы, олар қоңырау шалып, "үйде медициналық масканы қалай тігуге болады" немесе "қызметтерді алу үшін үйге ноутбукті алып келуін сұрайды, - дейді Өскемен қаласының №3 қызмет көрсету бөлімінің мамандары.

Елдегі барлық ХҚКО жұмысын тоқтатқан кезден бастап, мамандар екі апта бойы қашықтан жұмыс істеді. Қашықтағы форматқа көшу туралы шешім халыққа қажетті мемлекеттік қызметтерді тезірек алу үшін қабылданды. Қашықтан жұмыс істейтін мамандр, байланыс орталығындағы әр байланысушыға қол жетімді тәсілмен көмектесуге және кеңес алуға тырысады.

Жоғарыда айтылғандай, қашықтан жұмыс істеудің қиындықтарының бірі отбасынан оқшау жағдайда әрдайым бола бермейді, бұл мүмкін емес, әсіресе отбасында мектепке дейінгі жастағы балалар болған кезде.

Айта кетейік, соңғы үш күнде қазақстан бойынша колл-центрге 29 291 қоңырау түскен, соның ең көбін 3506 қоңырауға жауп берген шығысқазақстандық мамандар.

Бүгінгі таңда "Азаматтарға арналған үкімет" ШҚО бойынша филиалы 230 қызметкер Call-орталық бойынша жұмыс істейді, оның ішінде 170 оператор үйден кеңес береді, азаматтарды мобильдік азаматтар базасында тіркеу үшін 60 оператор веб-камера арқылы кеңес беруде. 
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы