Құрылыс мамандары фирдаусилық тұрғындарды шеберлікке үйретуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы әкімдігінің бастамасымен "Nur Otan" партиясының Мақтаарал аудандық филиалы Фирдауси елді мекенінде құрылыс мамандарын шақыртып, мастер-класс ұйымдастырды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінен хабарлайды.
Мұндағы мақсат – тұрғындарға құрылыс талаптарын үйретіп, баспаналардың сапалы әрі талапқа сай бой көтеруіне ықпал ету.Мастер-класс қатысушылармен тікелей өзара әрекет түрінде өтті. Шара барысында тұрғындарға үйдің іргетасын құю кезінде қанша цемент қосу керектігі, кірпіш қалауда қандай талаптарды сақтау қажеттігі жан-жақты түсіндірілді. Тіпті мамандар құрылыс талаптарын әр элемент бойынша іс
Бүгінде ауылымызда тұрғындар үй салу жұмыстарын бастап жіберді. Мемлекет 17 млн теңгеміздің тең жартысын аударып берді. Ендігі мақсат – құрылыс жұмыстарының қарқынын пәсеңдетпеуіміз қажет. Бүгін жергілікті партия белсенділерінің үйлестіруімен мастер-класс ұйымдастырылды. Бұл бізге өте қажет еді. Өйткені тұрғындардың көбі құрылыс жұмыстарының талаптарын біле бермейді. Осыны ескерген жанашырларға алғыс айтамыз, – дейді Фирдауси ауылының тұрғыны Мұхамеджан Мирзаходжаев.
Қазіргі таңда фирдаусилық тұрғындар мемлекеттен берілген қаржыларына үй тұрғызу жұмыстарын жалғастыруда. Айта кетейік, топан судан зардап шеккен Фирдауси ауылында жалпы 338 үй бар болса, соның бүгінде 271 үй толығымен бұзылған. Бүгінде мұнда 26 үйдің іргетасы құйылып, 3 баспананың қабырғасы қалануда. Өйткені таяуда ғана фирдаусилық 183 отбасының әрқайсысына 17 млн теңгенің 50 пайызы яғни, 8,5 млн теңгесі толық аударылған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы