Құрбан айт. Қала аумағында санитарлық бақылау мен қадағалау күшейтіледі
Нұр- Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы "Құрбан шалу рәсімін ұйымдастыру шаралары" тақырыбында онлайн брифингінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің директоры Зекен Исаков айтып берді.
Департамент директоры карантин шаралары 2 тамызға дейін ұзартылғандықтан Құрбан айтта тыйым салынатын шараларды айтып берді.
Жыл сайын Нұр-Сұлтан қаласы арнайы белгіленген ұйымдарда мал союды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады. Мешіттер халықтың жаппай жиналуын болдырмау мақсатында жабық болады. Қала аумағында санитарлық бақылау мен қадағалау күшейтіледі. Қазіргі уақытта алыстан немесе тұтынушы тапсырысы бойынша құрбандық шалу алгоритмі санитарлық талаптарды сақтау арқылы жүзеге асырылады, - деді ол.
Зекен Исаков айтып өткендей, қалаға сырттан мал әкеліп сатуға және жеке секторда құрбандық шалуға тыйым салынады.
Сонымен қатар, тұрғындарды жақындары мен туыстарына айттап барудан, көпшілік жиындарға барудан бас тартуға шақырамыз. Осы тұста жақындарыңыз бен өз денсаулықтарыңызға жауапкершілікпен сақтауға және санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырамыз, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"СҚ-Фармацияға" жаңа өкілеттілік берілді
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы