Өңірлік Денсаулық сақтау басқармалары басшыларының қызметтен кету себебі белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде Қарағанды, Павлодар және Атырау облыстары Денсаулық сақтау басқармалары бұрынғы басшыларының синхронды отставкаға кету себептері туралы айтты.
Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасына келетін болсақ, ақпарат расталмады, ол әлі де жұмыс істейді. Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басшысы өз еркімен жұмыстан кетті және Павлодар облысы бойынша Денсаулық сақтау басқармасының тағы бір басшысы отбасы жағдайына байланысты жұмыстан кетті, - деп түсіндірді ол.
Ресми өкіл бұл лауазымдарға жаңа тағайындаулардың қалай жүргізілетінін айтты.
Жұмысқа қабылдаудың белгілі бір рәсімдері бар, мұнымен облыс әкімдіктері айналысады, бірақ Денсаулық сақтау министрлігімен келісіледі, - деп түйіндеді Қожахметов.
Айта кетейік, бұған дейін ол елімізде қатаң карантиннің қайта қабылдануы әбден мүмкін екенін айтқан болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қызылордада жоғалған жасөспірімдер табылды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы