Байбек пен Әбдіқалықова Алматыдағы балалар мекемесінде болды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек пен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова қаладағы бірнеше әлеуметтік нысанды аралады. Бұл туралы қала әкімі Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Гүлшара Әбдіқалықовамен бірге №2 аурухана жанынан тұрғызылған балаларға арналған жаңа консультативтік-диагностикалық орталықты аралап шықтық. Мұндағы жұмыстың барлығы цифрлы форматта іске асырылады. «Сәби» қорының қолдауымен заманауи жедел жәрдем бөлмесі мен операциялық блог ашылды», - деп жазды Бауыржан Байбек Twitter-дегі парақшасында.

Әкім сонымен қатар, қаладағы іссапар барысында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған «MEIIRIM» оңалту орталығына барғандарын да жазды.

«Мұнда әр балаға түзету мен оңалту бойынша жекелей бағдарлама жасалады. Осы жылы 40 балаға 28,9 млн теңге бөлінді», - деп атап өтті Бауыржан Байбек әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бауыржан Байбек пен Гүлшара Әбдіқалықова сондай-ақ қаладағы белсенді өмір сүру орталығына да бас сұқты.

«Бұл біздің алғашқы белсенді өмір сүру орталығымыз. Ол «Белсенді ұзақ өмір» қалалық бағдарлама аясында ашылды. Ашылғанына бір жыл толмаса да, 10 мыңға жуық қала тұрғынын қамтып үлгерді. Жақында ғана Әуезов ауданында дәл осындай орталықты аштық. Өзге аудандарда да тағы екі орталық ашуды жоспарлап отырмыз», - деп жазды қала әкімі.

.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы