Андрей Скабелка: Голдарды дер кезінде соққандықтан жеңіске жеттік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Хоккейден елімізде өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан үшінші жеңісіне қол жеткізді. Бас бапкер Андрей Скабелка ойыншыларының мүмкіндіктерін тиімді пайдаланғанына көңілі толады.
"Жақсы матч болды деп ойлаймын. Көп қозғалып, жиі шабуыл жасалды. Ойынның басым бөлігін қарсыластың айып алаңында өткіздік. Матч бойы жоғары қарқынды ұстап тұрдық. Дер кезінде гол соғып алдық. Соның арқасында жеңіске жеттік", - дейді Андрей Скабелка."Шындығында, біздің ойын қатты өзгерген жоқ. Тек соғылған шайбаның санында өзгеріс бар. Кеше 47 соққы жасадық, бірақ жақсы ойнағанымызбен оның бәрін голға айналдыра алмадық. Сол жағы жүйкеге тиді. Ең болмаса, 20 пайыз мүмкіндігімізді пайдаланғанда... Команда ойыны әрбір кездесу сайын өсіп келеді. Турнирдің бір ерекшілігі де осында болса керек", - дейді ол.
Енді, Қазақстан Беларусь құрамасымен кездеседі. Бас бапкер бұл ойында мотивация тіптен басқаша болатынын айтып отыр. Чемпионаттың алдында екі ел жолдастық кездесу өткізген.
"Беларусь құрамасымен жолдастық кездесуге дейін біз ұзақ уақыт бірге ойнамадық. Арасында бір айдан артық айдынға шықпағандары бар. Кейбіреуі керсінше, Қазақстан чемпионатының плей-офф бәсекесіне қатысты. Ол кезде мотивация мүлдем басқша болады. Бұл матчтың өзіндік принциптік ерекшілігі бар. Екі команда бірінші орынға таласады", - дейді Андрей Скабелка.
Айта кетейік, Бірінші дивизионның А тобында Қазақстан мен Литвадан бөлек, Венгрия, Оңтүстік Корея, Беларусь, Литва құрамалары бар. Осылардың арасында ең көп ұпай жинаған екі құрама келесі жылы элиталық топқа жолдама алады.
Үшінші турдан кейінгі көшбасшылар:
1.Қазақстан - 9 ұпай
2. Беларусь - 9 ұпай
3. Оңтүстік Корея - 6 ұпай
Нұр-Сұлтанда шайбалы хоккейден 1-дивизионның А тобындағы құрамалары арасында әлем чемпионаты өтіп жатқаны туралы осыған дейін хабарлағанбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сот қызметкерлері латын графикасымен диктант жазды
Өзгелердің жаңалығы