Хоккей: Қазақстан қатарынан үшінші жеңісін тойлады

2 Мамыр 2019, 21:47
2691
Бөлісу:
Хоккей: Қазақстан қатарынан үшінші жеңісін тойлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.RZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласында шайбалы хоккейден 1-дивизионның А тобындағы құрамалары арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан қатарынан үшінші жеңісін тойлады. 

Бүгін Қазақстан осыған дейін екі ойынды ұтқан Оңтүстік Кореямен кездесті.Бас бапкер Андрей Скабелька бұл матчта мына ойыншыларға сенім артты: Карлссон(Кудрявцев), Михайлис- Сен-Пьер – Боченски(К), Метальников – Маклюков;Шевченко – Бойд – Некряч, Диц – Орехов;Жайлауов(А) – Сагадеев – Акользин, Шалапов – Клещенко;Әсетов– Рымарев- Шестаков, Семенов(А)-Петухов.

Қазақстан құрамасы бірінші кезеңді 2:0 есебімен аяқтады. Алғашқы шайбаны 4-минутта «Барыс» шабуылшысы Павел Акользин соқты. Оған нәтижелі пасты шығарып берген Алексей Маклюков пен Леонид Метальников. 

Ал 17-минутта Метальниковтың өзі есепті еселей түсті. Бұл жолы Никита Михайлис пен  команда капитаны Брэндон Боченски асиссент атанды.

Екінші 20-минуттықта Дмитрий Шевченко кездесудегі үшінші голды тулатты.

Соңғы шешуші кезеңде екі команда бір-бір голмен алмасты. Қазақстан сапынан Клещенко мергендік танытты. Қорытынды есеп - 1:4 Қазақстан пайдасында.

Сөйтіп, жерлестеріміз осы чемпионаттағы екінші жеңістерін тойлады. Бұған дейін Словения мен Литва құрамаларын ұтқан болатын.

Оңтүстік Корея - Қазақстан -  1:4 (0:2, 0:1, 1:1)
0:1 - Акользин (Маклюков, Метальников) - 03:57
0:2 - Метальников (Михайлис, Боченски) - 16:46
0:3 - Шевченко (Жайлауов, Диц) - 29:45
1:3 - Шин Сангук - 50:13
1:4 - Клещенко (Михайлис, Сен-Пьер) - 52:30

Айта кетейік, Бірінші дивизионның А тобында Қазақстан мен Литвадан бөлек, Венгрия, Оңтүстік Корея, Беларусь, Литва құрамалары бар. Осылардың арасында ең көп ұпай жинаған екі құрама келесі жылы элиталық топқа жолдама алады. 

Үшінші турдан кейінгі көшбасшылар:
1.Қазақстан - 9 ұпай
2. Беларусь - 9 ұпай
3. Оңтүстік Корея - 6 ұпай

Естеріңізде болса, бұған дейін Қазақстан құрамасы Литваны және Словенияны ұтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы