-
Сот Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок-Юльдің қамауда ұстау мерзімін тағы 6 айға ұзартты
Ол Солтүстік Кореяда шекара қақтығысын тудыру үшін дрондарды пайдаланды және жағдайды төтенше жағдай жариялау үшін сылтау ретінде пайдаланды деп айыпталуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.01.2026
-
Бибісара Асаубаева халықаралық рейтингте бірнеше саты жоғары көтерілді
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) 2026 жылғы қаңтар айындағы жаңартылған рейтингінде 2497 ұпаймен әлемдік рейтингте 11-орынға жайғасты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.01.2026
-
Ирандағы жаппай наразылық кезінде 6 адам қаза тапты
Иранда қымбатшылық пен ұлттық валютаның құнсыздануына байланысты туындаған ауқымды наразылық акциялары бесінші күн қатарынан жалғасып жатыр. Соңғы мәліметтерге сәйкес, қауіпсіздік күштерімен болған қақтығыстар кезінде кемінде алты адам қаза тапқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.01.2026
-
Тайвань Қытай қысымына жауап беріп, егемендігін қорғайтынын мәлімдеді
Қытайдың ауқымды әскери жаттығуларынан кейін Тайвань билігі аралдың қауіпсіздігі мен дербестігін қорғауға дайын екенін жариялады. Бұл туралы Eronews жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.01.2026
-
Мексикада 6,5 магнитудалы жер сілкінісі болды
Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметі бойынша, Мексиканың оңтүстігінде 6,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ Gazeta.ru сайтына сілтеме жасап.
03.01.2026
-
Қар құрсауынан 2 адам құтқарылды
Қостанай облысында облыстық маңызы бар автожолда жүк көлігі қар құрсауында қалып қойды. Көлік ішінде 2 ересек адам болған, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
03.01.2026
-
Швейцариядағы өрттің негізгі себебі жарияланды
Швейцария прокуратурасы Кран-Монтана курортындағы бардағы өрттің шығуына от шашқыштар себеп болды деген теорияға басымдық берді. Бұл туралы Вале кантонының бас прокуроры Беатрис Пиллу мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
03.01.2026
-
АҚШ соты 60 мың мигрантты қолдап, оң шешім шығарды
Калифорниядағы федералдық судья Дональд Трамп әкімшілігінің Гондурас, Непал мен Никарагуадан келген 60 мың мигрантқа берілген уақытша қорғау мәртебесін тоқтату туралы шешімін жарамсыз деп таныды. Бұл шешім бойынша аталған елдердің азаматтары АҚШ-та заңды түрде жұмыс істеп, мәжбүрлі түрде АҚШ-тан шығарылмайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.01.2026
-
Ауа райы бұзылып, Ақтөбе облысында жол жабылды
"ҚазАвтоЖол" Ақтөбе облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.01.2026
-
Ақтауда пойыз бен автокөлік соқтығысты
Ақтауда жеңіл автокөлік пен тепловоз соқтығысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.01.2026
-
Дәрігерлер былтыр Қазақстан бойынша 4 млн баланы тексерген
Балаларды сауықтыру бағдарламасы шеңберінде өткен жылы Қазақстанда 4 млн-нан астам бала профилактикалық тексеруден өтті, 2 млн-нан астам бала аудиологиялық скрининг және психофизикалық дамумен, 300 мыңнан астам бала-неонаталдық, 13 мыңға жуық бала офтальмологиялық скринингпен қамтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
02.01.2026
-
Қазақстанда 90% оқушы тегін үйірмелер мен секцияларға барады - Оқу-ағарту министрлігі
ҚР Оқу-ағарту министрлігі 2025 жылдың қорытындысы бойынша балаларды қосымша біліммен қамту деңгейі 90%-ға дейін артқанын мәлімдеді. Бұл 3,5 млн баланы құрайды, оның ішінде 2,2 млн оқушы тегін үйірмелер мен секциялармен қамтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.01.2026
-
АҚШ-та тұмау жұқтырғандар саны артып келеді
Тұмаудың жаңа А нұсқасы немесе H3N2 АҚШ-та тез таралуына байланысты "супер тұмау" деген атауға ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ NBC News-ке сілтеме жасап.
01.01.2026
-
Қазақстан биыл рекордтық мөлшерде мандарин импорттаған
Қазақстан 2025 жылы мандарин импорты бойынша рекорд орнатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
01.01.2026
-
Си Цзиньпин Тайваньның тағдыры туралы мәлімдеме жасады
Қытайдың құрлықтық бөлігі мен Тайваньның қайта бірігуі тарихи тұрғыдан сөзсіз және ешкім оған кедергі жасай алмайды. Қытай төрағасы Си Цзиньпин бұл туралы өзінің жаңа жылдық құттықтауында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Синьхуаға сілтеме жасап.
01.01.2026
-
Әл-Фараби атындағы ұлттық университетте бес жатақхананың құрылысы басталды
Қазақ ұлттық университеті қалашығында студенттерге арналған 5000 орындық жаңа жатақханалар құрылысының капсуласын салу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ғылым және жоғары білім министрлігін сілтеме жасап.
01.01.2026
-
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
"Қазгидромет" РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
01.01.2026
-
Израиль биыл 6 елге шабуыл жасаған
2025 жылы Израиль Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауынан бөлек, Ливан, Сирия, Йемен, Иран және Қатарға шабуыл жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
01.01.2026
-
Перуде туристік пойыздар бетпе-бет соқтығысып, жүргізуші қаза тапты
Перудегі елдің ең танымал туристік бағыттарының бірінде ауыр пойыз апаты болды. Ежелгі Мачу-Пикчу қаласының маңында екі пойыз бетпе-бет соқтығысты.
01.01.2026
-
1 қаңтарға арналған валюта бағамы жарияланды
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
01.01.2026