28 Желтоқсан 2025, 08:39
Фото: pexels.com
Тайвань мен Жапонияда жер сілкінісі болды
Қытай жер сілкінісі желілері орталығы Тайваньдағы Илань округінде 6,6 магнитудалық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қытай жер сілкінісі желілері орталығы Тайваньдағы Илань округінде 6,6 магнитудалық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Орталықтың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы солтүстік ендіктің 24,67 градус және шығыс бойлық 122,06 градус координаттары бойынша тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 60 шақырым тереңдікте болған.
Жер асты дүмпулері Тайваньның барлық аумағында сезілген. Әзірге аралда құрбан болғандар, зардап шеккендер және материалдық шығын туралы ақпарат түскен жоқ.
Сондай-ақ Жапонияның Хонсю аралының оңтүстік-шығысында 5,1 балдық жер сілкінісі болды.
Алдын ала мәліметтер бойынша жер сілкінісінің ошағы солтүстік ендіктің 29,75 градусында және шығыс бойлықтың 142,30 градусында орналасқан. Жерасты тербелісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте екені белгілі болды.
- Алматыда тұрғын үйден өрт шығып, 10 адам құтқарылды 04:26
- АҚШ-та мұнай қоры көбейіп, әлемдік нарықта баға төмендеді 03:44
- Қар, көктайғақ: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды 02:52
- Брекситтен кейін Ұлыбритания мен ЕО ынтымақтастықты кеңейтпек 01:29
- Nvidia Қытайға жасанды интеллект чиптерін жеткізуді тоқтатты 00:30
- Солтүстік Қазақстанда 20 млн долларға аграрлық ғылыми орталық құрылады 18.11.2026
- Астанада Kaztraffic-2026 халықаралық көрмесі жұмысын бастады 18.11.2026