-
Мысырда катарлық дипломаттар қаза тапты
Шарм-эль-Шейхте жол-көлік оқиғасы болып, үш катарлық дипломат қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
12.10.2025
-
ӘЧ–2026 іріктеу матчы алдында Норвегияда Израиль туы өртенді
Ослода 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы Израиль мен Норвегия арасындағы матч алдында шеру өтіп, оның барысында Палестинаның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін наразылық білдірушілер Израиль туын өртеп жіберді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
12.10.2025
-
Су спорты: ерлер және әйелдер құрамасы Азия біріншілігінде қола медаль алды
Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионаты аясында су добынан әйелдер арасында үшінші орын үшін матч өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
12.10.2025
-
Мемлекет меншігі: Астанада сауда орталығын салуға арналған 9 гектар жер қайтарылды
Астанада жалпы ауданы 8,9377 гектар болатын, бұрын сауда орталығын салуға берілген, бірақ игерілмей қалған жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
12.10.2025
-
Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында қарулы қақтығыстар болды
Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында, Дюранд сызығында қарулы қақтығыс жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
12.10.2025
-
Шымбұлақта Қытайдан келген турист жарақат алды
"Шымбұлақ" тау-шаңғы курортында жарақат алған туристке ТЖМ құтқарушылары көмекке келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
12.10.2025
-
Қостанайда екі жігіт газдан уланып қалды
Қостанай қаласында екі жас жігіт гараждың екі метр тереңдіктегі жертөлесіне түсіп, есінен танып қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
12.10.2025
-
Алматыда белгісіз біреу қала орталығындағы ғимаратқа бомба қойылғанын хабарлады
Сенбі күні кешке Алматыда қала орталығындағы ғимаратқа белгісіз біреу бомба қойылғаны туралы хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11.10.2025
-
Трамп Қытай тауарларына 100 пайыздық баж салығын енгізеді
АҚШ билігі 1 қарашадан бастап Қытайдан келетін барлық импортқа 100 пайыздық қосымша кедендік баж салығын енгізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
11.10.2025
-
Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке атау беру байқауына 27 мыңнан астам адам қатысты
Байқау 2025 жылғы 25 қыркүйекте сағат 12:00-де eGov Mobile мобильді қосымшасында басталған болатын. Екі апта ішінде – 10 қазан, сағат 23:59-ға дейін қазақстандықтар 27 мыңнан астам ұсыныс жолдады. Мұндай жоғары белсенділік азаматтардың атом энергетикасын дамытуға деген зор қызығушылығын және ел үшін маңызды жобаға жеке үлес қосуға дайын екенін көрсетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
11.10.2025
-
Жетісуда алқабилер жүргізушіге қатысты айыптау үкімін шығарды
Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилер қайғылы жол-көлік оқиғасына кінәлі ауыр жүк көлігінің жүргізушісін кінәлі деп тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
11.10.2025
-
"Тұман, қатты жел, көктайғақ". Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Астана мен Қазақстанның 15 өңірінде 2025 жылы 12 қазанда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11.10.2025
-
ТОП-5: Қазақстан Қытайдың ең танымал шетелдік бағыттарының қатарына енді
Қазақстан Қытайдың туристік нарығындағы өз орнын нығайтып келеді. Tongcheng Travel атты Қытайдың ірі онлайн-туристік платформасының мәліметінше, Қазақстан Қытай туристері тарапынан қонақүй броньдау көрсеткіші ең жоғары өскен шетелдік бағыттардың бестігіне енді, деп хабарлайды BAQ.KZ Kazakh Tourism-ге сілтеме жасап.
10.10.2025
-
Қызылорда облысынан динозаврдың сүйегі табылды
Қызылорда өңірінен динозаврдың сүйегі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.
10.10.2025
-
Өзбекстан екі мыңнан астам шенеунікті қысқартады, оларды ЖИ алмастырады
Цифрландыру және жасанды интеллектті (ЖИ) дамыту нәтижесінде 2025 жылдың 1 қарашасына дейін елде 2141 мемлекеттік қызметші қысқартылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.10.2025
-
"Қазгидромет" ел тұрғындарына ескерту жасады
"Қазгидромет" РМК бүгін еліміздің 10 қаласында ауа сапасы нашарлайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.10.2025
-
"Бақылау үшін": АҚШ Израильге 200 әскер жібереді
АҚШ Газадағы атысты тоқтату келісімін бақылау үшін Израильге 200-ге дейін америкалық әскерді орналастыру нұсқаларын әзірлеуде, деп хабарлайды BAQ.KZ NBC News арнасына сілтеме жасап.
10.10.2025
-
СІМ Мысыр, Латвия және Ресейге баратындар үшін маңызды өзгерістер туралы хабарлады
Мысыр, Латвия, Мексика және Ресейге Қазақстан азаматтарының кіруінің жаңартылған шарттары ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.10.2025
-
Алматыда тауға шыққандар санын есептейтін алғашқы құрылғы орнатылды
Үлкен Алматы шыңына тауға шығуды автоматты түрде есепке алатын еліміздегі алғашқы құрылғы орнатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.10.2025
-
Трамп Газа келісіміне қол қою үшін Мысырға баратынын жариялады
АҚШ президенті Дональд Трамп ХАМАС пен Израиль арасындағы атысты тоқтату келісіміне ресми қол қою үшін Мысырға баруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ NBC News арнасына сілтеме жасап.
10.10.2025