10 Наурыз 2026, 00:49
Фото: видеодан скрин
Таразда жолаушы автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасады
Мас күйдегі жолаушы автобус жүргізушісін жарақаттады.
Таразда қоғамдық көлік жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасалғаны туралы хабар полицияға 9 наурыз күні сағат 20:00-ден кейін түскен. Оқиға №11 қалалық автобус салонында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде таралуда.
Куәгерлердің айтуынша, мас күйдегі жолаушы жүргізушіден маршруттың жүру уақыты аяқталғанына қарамастан жолды жалғастыруды талап еткен. Соның салдарынан жанжал шығып, төбелес кезінде жүргізуші пышақ жарақатын алған.
Жамбыл облысы полиция департаменті мәліметінше, күдікті оқиға орнында ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Күдікті жедел түрде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп хабарлады полициядан.
Зардап шеккен жүргізуші қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта оның жағдайы туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ.
- «Қазақстан құрамасы мұндай төмен нәтиже көрсетпеуі тиіс»: ҚФФ бас хатшысы мәлімдеме жасады 08:50
- Ақтау порты контейнерлік тасымал бойынша рекорд жаңартты 08:21
- Медициналық нысандар мен тегін дәрі-дәрмек: Денсаулық сақтау саласындағы оң өзгерістер 08:00
- Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздары халықаралық индекске енуі мүмкін 07:49
- Қазақстанда соңғы жеті жылда 3,6 млн-нан астам жұмыс орны ашылды 07:35
- Қазақстандағы риелторлар: Олардың табысы қанша және жаңа талаптар не үшін керек? 07:30
- СҚО-да республикалық маңызы бар жолдың бір бөлігі жабылды 07:12