-
Биыл Алматыда 1 291 бизнес-жоба субсидияланды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда кәсіпкерлікті табысты дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Карантин аясында ШОБ қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар бұрынғыдан да өзекті. Бұл туралы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ Алматы қаласы бойынша өңірлік филиалының директоры Светлана Назарюк Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты.
27.10.2021
-
Алматыда Мұқағали Мақатаевтың муралы пайда болды
Алматы, BAQ. KZ тілшісі. Алматыдағы Мұқағали Мақатаев көшесі бойында ақынның муралы бой көтерді.
27.10.2021
-
Бізді өзге халықтан ерекше етіп тұрған бай мәдени мұрамыз бар – Жәмила Серкебаева
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Біздің өнеріміз Еуропалық мәденитке негізделуі мүмкін, алайда біз өз туындымызға ұлттық рең беру арқылы өзгелерден өзгеше бола түсеміз. Оны елін сүйетін адам әрдайым есте сақтағаны жөн. Бұл туралы скрипкашы Жәмила Серкебаева бүгін балалар үйінің тәрбиеленушілеріне шеберлік дәрісін өткізу барысында айтты.
26.10.2021
-
Әлемнің жетекші музейлері біздің археологиялық жәдігерлерімізге қызығушылық танытып отыр – профессор
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры Әбдеш Төлеубаев «Марғұлан оқулары – 2021: Этномәдени зерттеулер контекстіндегі Ұлы дала» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтты.
26.10.2021
-
Археологиялық ескерткіштерді қорғайтын полиция құратын уақыт жетті – профессор
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры Мадияр Елеуов «Марғұлан оқулары – 2021: Этномәдени зерттеулер контекстіндегі Ұлы дала» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтты.
26.10.2021
-
Тәуелсіздік белестері
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл. Бүгінде Қазақ елі - мемлекеттік шекарамен айқындалған аумағы, дербес Конституциясы, сыртқы және ішкі саясаты, төл экономикасы, өнері, тілі, діні, салт-дәстүрі бар, бүкіл әлемге танымал тәуелсіз мемлекет. Ата-бабамыз қаншама ғасыр бойы аңсап келген бұл Тәуелсіздік оңайлықпен келмегені белгілі. Тәуелсіздік алған 30 жылда еліміз қандай маңызды құжаттарды қабылдап, қандай тарихи кезеңдерді бастан өткерді? Осы және басқа да сұрақтарға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих факультетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Гүлнар Қозғамбаева сұхбат барысында айтып берді.
25.10.2021
-
Ақын Бақытжан Қанапиянов Еуропалық академияның құрметті ғалымы атағымен марапатталды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ұлттық кітапханасында Бақытжан Қанапияновтың 70 жылдығына арналған «Бақытжан Қанапияновтың векзаметрлері» атты халықаралық жиын өтті.
25.10.2021
-
Алматыда биыл тұрғын үй секторында 549 өрт тіркелді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 2021-2022 жылдардағы жылу беру кезеңіне дайындық барысында Алматының 148 346 жеке тұрғын үйі есепке алынды, оның ішінде 3 148 үй қатты отынмен жылынатын және 30 395 қамыстан жасалған үйлер. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Самат Асаинов айтты.
22.10.2021
-
Алматыда биыл 2 мыңнан астам күрделі операция жасалды – онколог
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл рактан емделген науқастардың саны 13 256. Бұл өткен жылмен салыстырғанда үш мыңға көп. Бұл туралы Алматы қаласы Онкологиялық орталығының директоры Нұрсұлтан Ізбағамбетов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте айтты.
22.10.2021
-
Ракпен ауыратындарға міндетті түрде вакцина алу керек – дәрігер
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Онкологиялық орталығының директоры Нұрсұлтан Ізбағамбетов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте қатерлі ісікке шалыққан науқастарға уақыт өткізбей вакцина алу қажеттігін айтты.
22.10.2021
-
Алматыда жылына 4 мың адам қатерлі ісікпен ауырады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Онкологиялық орталығының директоры Нұрсұлтан Ізбағамбетов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте айтты.
22.10.2021
-
Фильмде Мұқағали неліктен 45 жасында өмірден өтті деген мәселе басты назарға алынды – режиссер
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Фильмде негізінен ақынның ішкі жан дүниесін, арпалысын көрсеткім келді. Оған қоса ақын неліктен 45 жасында өмірден өтті деген сұраққа жауап іздедім. Бұл туралы режиссер Болат Қалымбетов «Мұқағали» фильмінің Алматыдағы көрсетілімінде айтты.
20.10.2021
-
Алматы облысында биыл бейбіт шеру өткізуге қанша өтінім түскені айтылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетов Бейбіт шеру өткізу жөніндегі заң облыста қаншалықты іске асып жатқанын айтты.
19.10.2021
-
Алматыда Шармановтың халықаралық сыйлығы табысталды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Медициналық-санитарлық көмекті дамытуға үлес қосқан шетелдік дәрігерлер, сондай-ақ COVID-19 диагностикасы мен емдеу хаттамасын әзірлеуші отандық инфекционистер Шармановтың халықаралық сыйлығына ие болды.
19.10.2021
-
Батыс елдерінің 2-3 ғасырда жеткен білім жүйесін біз 20 жылда қуып жеттік – профессор
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы философия ғылымдарының докторы, профессор Досмұхамед Кшибеков ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесін жаңғырту» кітабының тұсаукесерінде айтты.
19.10.2021
-
Тәуелсіздік жылдарындағы білім жүйесі туралы кітап жарық көрді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесін жаңғырту» кітабының тұсаукесері өтті.
19.10.2021
-
Құтқару қызметінде әлсіздерге орын жоқ
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде жыл сайын 19 қазанда Құтқарушылар күні аталып өтеді. Құтқарушылардың жұмысы күнделікті өмірде көпшілікке көріне бермеуі мүмкін, бірақ төтенше жағдайда қалған адамдар үшін олар нағыз қаһарман. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз 15 жылдан бері құтқарушы болып жұмыс істеп келе жатқан Алматы қаласы Құтқару қызметі Авариялық құтқару тобының маманы Болатбек Сүлейменов.
19.10.2021
-
Биыл Алматы кәсіпкерлерінің құқығы 9,4 млрд теңгеге қорғалған
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов есеп беру барысында мәлімдеді.
18.10.2021
-
Шұғыл жағдайларда алматылықтарға көмек көрсетуді қайда үйрететіні айтылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алғашқы көмек көрсету – төтенше жағдайлар аясында адамға өте қажет. Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы Оқыту-тренингтік орталығының басшысы Болат Тайбеков Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде дәрменсіз бақылаушы болып қалмау және қиын жағдайда сауатты іс-қимылдарға көшу туралы айтып берді.
15.10.2021
-
Профессор: Кітапханашы – ақпаратты көпшілікке жеткізетін күретамыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде жыл сайын 15 қазанда Кітапханашылар күні аталып өтеді. Осы атаулы күнге орай кітапханашыларды дайындап жатқан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тарих факультетінің деканы, профессор Меңдігүл Ноғайбаевамен кітапхана ісі жайлы әңгіме өрбіткен едік.
15.10.2021