-
Алматыда университеттердің жаһандық саммиті өтіп жатыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен «Адами мұра және жоғары технологиялар үйлесімі негізінде жетілу» тақырыбында халықаралық конференция басталды.
19.09.2019
-
Алматының шеткі аудандарын көркейту үшін тұрғындар да атсалысу керек
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қала тұрғындарына арналған “Бюджетке қатысу” жобасы өте қажетті шара. Қоғамдық кеңес оны қолдайды. Бұл тұрғындарды бюджеттік жобаларға атсалысуына тәрбиелейтін маңызды қадам. Бұл туралы Қоғамдық кеңестің мүшесі Бекнұр Қисықов Алматыда өткен брифинг кезінде айтты.
18.09.2019
-
Алматылықтар қаланы көркейтуге бағытталған жоба бойынша 180 ұсыныс білдірген
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. «Бюджетке қатысу» жобасы аясында Алматы аудандарының аумақтарын жақсарту бойынша жалпы сомасы 9,2 млрд теңге болатын 180 өтінім қабылданды. Бұл туралы “Алматы қаласын дамыту орталығы” АҚ басқарма төрағасының орынбасары Олег Сек қалалық әкімдік баспасөз орталығында өткен брифингте айтты.
18.09.2019
-
Алматыда III кредиттік ұйымдар форумы өтіп жатыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда Қазақстан Республикасы кредиттік ұйымдарының ІІІ форумы өтіп жатыр.
18.09.2019
-
Аз ақшаға тендерді ұтып алғандар біздің классиктерді аударып жатыр - Бигелді Ғабдуллин
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бізде халықаралық жоғары сыйлықтарға, оның ішінде Нобель сыйлығына лайықты жазушылар көп. Бұл туралы халықаралық қазақ ПЕН клубының төрағасы Бигелді Ғабдуллин Алматыда өткен брифинг кезінде айтты.
17.09.2019
-
Алматыда ІІ Халықаралық жазушылар форумы өтеді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазір сенің шығармаларың ағылшын тілінде болмаса, сен жазушы ретінде жоқсың. Сондықтан биылғы форумның тақырыбы аударма мәселесіне арналып отыр. Бұл туралы форумды ұйымдастыру комитетінің төрағасы Бигелді Ғабдуллин брифинг кезінде айтты.
17.09.2019
-
Қазақстанда емханаға тіркеу науқаны басталды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 15 қыркүйекте Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны басталды. Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі кампания екі айға созылмақ. Биыл тіркеу eGov электрондық үкімет веб-порталы арқылы жүргізіледі. Тіркелу үшін электрондық цифрлық қолтаңба қажет.
16.09.2019
-
Қазақстан машина жасаушыларының VII форумын өткізуге 60 млн теңге бөлінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Форумды өткізуге министрліктен ақша бөлініп отыр. Оған дейін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының көмегімен өтіп келді. Бұл туралы ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ төрағасы Мейрам Пішембаев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәжілісінде айтты.
12.09.2019
-
Қазақстанда 167 автокөліктің моделі құрастырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы жылдары еліміздің машина жасау саласында тұрақты өсім байқалады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша машина өндіру мөлшері елімізде бірінші рет 1 трлн теңге деңгейінен асты. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәжілісінде айтты.
12.09.2019
-
Елімізде жасөспірімдер арасында суицид деңгейі төмендеген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алайда суицидке бармақ болғандардың мөлшері артып, 5,1%-ды құраған.
12.09.2019
-
Мектеп терезесінен құлап кеткен оқушы: Оқиға қалай болды?
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Сабақ біткен соң мұғалім оқушыларды сыныптан шығарған, алайда бір оқушы партаның астына тығылып қалған. Оны мұғалім байқамай сыртынан жауып кеткен. Бұл туралы Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенова арнайы өткен брифинг кезінде айтты.
11.09.2019
-
Алматының Алатау ауданында базарларды жаңғырту жұмысы қарқынды жүріп жатыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылдың 7 айында Алатау ауданында 19,1 млрд теңгенің салығы түсті.
10.09.2019
-
Келесі жылдан бастап медициналық көмек екі пакет бойынша көрсетіледі
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылдан бастап медициналық қызмет қос пакет бойынша көрсетіледі. Бұл туралы МСҚ қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев брифинг кезінде айтты.
10.09.2019
-
Алматы қаласынан МCҚ-ға 42 млрд теңгеден астам жарна түсті
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы медициналық сақтандыру жарнасын төлеу жағынан алдыңғы орында тұр. Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 6 қыркүйегіне дейінгі аралықта барлығы 1 млн 373 мың алматылық тұрғынның атына 42,6 млрд теңге аударылған.
10.09.2019
-
Алматыда «Фариза» спектаклінің премьерасы болады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақ халқының көрнекті ақыны Фариза Оңғарсынованың 80 жасқа толуына орай қыркүйектің 5-6 күндері М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында «Фариза» қойылымы көпшілік назарына ұсынылады.
03.09.2019
-
Алматы нарығына ауыл шаруашылығы өнімдерін тікелей жеткізу керек – Құлыбаев
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласын азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету үшін Алматы облысы, Жамбыл және Түркістан облысының ауыл шаруашылық өнімдерінен тұратын көтерме орталықтарын құрғымыз келеді.
03.09.2019
-
Алматы кәсіпкерлер есебінен күн көруде – Сағынтаев
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Өңірлік бизнесті дамыту үшін «Алматы бизнес-2025» бірыңғай бағдарламасы әзірленді.
03.09.2019
-
Әкім Наурызбай ауданында халықтың 50% су тапшылығын көріп отырғанын айтты
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Су тапшылығы ауданымыздағы ең үлкен мәселенің бірі. Халықтың 50%, яғни 69 мыңдай адам су тапшылығын көріп отыр. Бұл туралы Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай брифинг кезінде айтты.
02.09.2019
-
Алматының Наурызбай ауданындағы ШОБ 7,5 есеге артты – әкім
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы 7 ай көрсеткіші бойынша аудандағы Шағын және орта бизнес көлемі де 7,5 есеге артты. Бүгінгі таңда 5 мыңнан аса кәсіпкер бар. Бұл туралы Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай брифинг кезінде айтты.
02.09.2019
-
Соңғы бес жылда мал шаруашылығын қолдауға 51,2 млрд теңге бөлінген
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 2014 жылдан бастап мал жайылымдары үшін 4695 құдық салынып, шамамен 8 миллиондай гектардан астам жайылым сумен қамтылды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылық министрілігінің жауапты хатшысы Марат Оразаев қой шаруашылығы мамандығының II съезінде айтты.
29.08.2019