-
Мәжілісмендер Ақтау қаласындағы жылу және сумен жабдықтау кәсіпорнының жұмысымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаттары Бақытжан Ертаев, Евгений Козлов және Ирина Унжакова Маңғыстау облысына жасаған жұмыс сапары барысында Ақтаудағы тұрғын-үй, коммуналды-тұрмыстық және өнеркәсіптік бағыттардағы нысандарды жылумен, сумен қамтуға жауапты «Каспий жылу, су арнасы» МКК ұжымымен кездесті.
12.07.2019
-
Ақмола теміржолшылары астықты жоспар бойынша жеткізуді қамтамасыз етуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы теміржолшылардың Көкшетау, Петропавл, Солтүстік Қазақстан мен Ақмола ауыл шаруашылығы кәсіпорындарымен, ірі астық трейдерлері және экспедиторлармен кездесуінде белгілі болды. Олар жаңа астықты үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
11.07.2019
-
Армиялық қоян-қолтық ұрыс шеберлері Азия чемпиондары атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстанда өткен Азия чемпионатындағы қоян-қолтық жекпе-жекте АОСК-ның спортшылары 5 алтын және 1 күміс медальді жеңіп алды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
11.07.2019
-
Қазақстан Тәжікстанға ауыл шаруашылығы техникаларын экспорттайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Душанбеде ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Тәжікстанға ресми сапары аясында «KazakhExport» ЭСК» АҚ қазақстандық экспорттаушылар мен тәжік импорттаушыларының ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған бірқатар келісімге қол қойды.
11.07.2019
-
Өскеменде латын әліпбиінің тиімділігін көрсететін семинар өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласында Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық-ғылыми практикалық орталығы ұйымдастыруымен 10-11 шілдеде «Латын әліпбиінің емле ережелерін игерту: теория және тәжірибе» атты республикалық семинар өткізді.
11.07.2019
-
Ақмолалықтар мемлекеттік қызметтердің сапасына оң баға берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында «Цифрлық агент» ұялы бағдарламасы арқылы осы жылдың ішінде азаматтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына 1168 рет баға берді.
11.07.2019
-
Түрмеден шыққанына бір ай болмай, қайта ұрлық жасаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық полиция қызметкерлері 26 жастағы Қарағанды облысының тұрғынын қайта қолға түсірді. Тергеу амалдары барысында оның 4 ұрлық жасауға қатысы бары анықталды.
11.07.2019
-
Абай-175. Өлең оқу эстафетасына этнос өкілдері де қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Танысбаймен кездесті, деп жазды Аssembly.kz.
11.07.2019
-
Тұрмыстық заттарды ұрлаумен айналысқан күдікті қолға түсті
Талдықорған, BAQ.KZ. Алматы облысының полицейлері баукеспе ұрының жолын кесті. Бұл туралы Алматы облысы ПД ресми өкілі Серік Үпиев хабарлады.
11.07.2019
-
Мемлекеттік қызметшілер киберқауіпсіздіктің онлайн-курсынан өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Cisco желілік академиясымен бірлесіп, мемлекеттік қызметшілер үшін онлайн оқу курстарын ұйымдастырып отыр.
11.07.2019
-
Арыста 700-ге жуық үй қалпына келтірілді
Түркістан облысы, BAQ.KZ. Бүгінгі жағдай бойынша Түркістан облысы Арыс қаласында 674 үй қалпына келтірілді. Ауқымды жұмысқа 110 құрылыс компаниясы тартылған. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
11.07.2019
-
Қызылорда облысында аптап ыстық болады – синоптиктер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері күннің қатты ысуына байланысты еліміздің бірқатар аймағында дабылды ескерту жариялады.
11.07.2019
-
Пәкістанда пойыз апатынан оннан астам адам қаза болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін таңертең Пәкістанда жолаушылар пойызы темір жол бойында тұрған жүк вагонына соғылып, кем дегенде 11 адам қаза тапты, ондаған адам жараланды.
11.07.2019
-
Азаттық радиосының президенті ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азаттық радиосы медиакорпорациясының жаңа президенті болып Джейми Флай тағайындалды. Мұндай шешімді корпорацияның директорлар кеңесі қабылдады. Джейми Флай қызметіне 1 тамызда кіріседі.
11.07.2019
-
Арысты қалпына келтіру жұмыстары 1 тамызға дейін аяқталуы тиіс – Мамин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Арыс қаласындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді.
11.07.2019
-
Елордалық полицейлер азаматтардан 24 қару тәркіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың полицейлері «ҚАРУ-2019» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
11.07.2019
-
«Самұрық-Қазына» Татарстанмен серіктестік орнатты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Татарстан президенті Рустам Миннихановпен кездесті.
11.07.2019
-
Халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 487 млрд теңге төленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетілген қызметтер үшін 487 млрд теңге төледі.
11.07.2019
-
АҚШ-тағы Ұлыбританияның елшісі отставкаға кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тағы Ұлыбританияның елшісі Ким Дэррок отставкаға кетті, деп хабарлады 24.kz.
11.07.2019
-
Нұр-Сұлтанда 16 автобустың бағыты уақытша өзгереді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республика даңғылы бойында жол жөндеу жұмыстарына және көлік құралдарының қозғалысын уақытша шектеуге байланысты келесі аптада 16 автобус бағдарының қозғалысын уақытша өзгерту жоспарланып отыр, деп хабарлады Астана LRT компаниясының баспасөз қызметі.
11.07.2019