Нұр-Сұлтанда 16 автобустың бағыты уақытша өзгереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республика даңғылы бойында жол жөндеу жұмыстарына және көлік құралдарының қозғалысын уақытша шектеуге байланысты келесі аптада 16 автобус бағдарының қозғалысын уақытша өзгерту жоспарланып отыр, деп хабарлады Астана LRT компаниясының баспасөз қызметі.  

Жөндеу жұмыстары Республика даңғылының С.Сейфуллин, Абай көшелерімен қиылысқан аумақта жүргізіледі. 

«Қозғалыс сызбасы өзгертілетін бағдарлар келесі: № 2, 5, 5А, 8, 10, 19, 20, 23, 33, 34, 40, 52, 53, 64, 71, 73. Бағдарлардың аталған жол қиылыстарын айналып өту сызбаларымен алдын ала танысуыңызды сұраймыз», - делінген компанияның хабарламасында.  

Қоғамдық көлікке қатысты басқа да шектеулер болуы мүмкін.  

Қозғалыс сызбалар 2 бағыт бойынша берілген: Кенесары мен Бөгенбай батыр көшелері жағынан.

Қозғалыс сызбалары төменде көрсетілген:











Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы