-
Елордалық волонтерлер маскалар мен антисептиктер тарата бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 50-ден астам отбасы коронавирустық инфекцияны алдын алуға арналған гигиеналық құралдармен, бірінші қажеттіліктегі заттармен қамтылды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
20.03.2020
-
Коронавирус. Қырғызстанда тағы 3 адам тіркелді
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Қырғызстанда коронавирус дертіне шалдыққан тағы 3 адам анықталды. Барлығы 6 адам болды. Бұл туралы 24.kg. хабарлады.
20.03.2020
-
Тоқаев 1 жылда еліміздің қанша өңірін аралады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осыдан тура бір жыл бұрын Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз қалауымен президенттіктен бас тартқан еді. Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім артып, еліміздің ішкі және сыртқы саясатын жан-жақты сезінетінін мәлімдеді. 2020 жылдың 19 наурызынан бастап, Қасым-Жомарт Тоқаев ел тізгінін қолына алды. Бір жылда мемлекет басшысы біршама жұмыс атқарды. Ол бір жылда 72 рет шетелдік өкілдерді, 211 рет ел азаматтарын қабылдады. Сонымен қатар, 159 жарлық (қаулы), 101 өкім шығарып, 64 заңға қол қойды. Билік тізгіні қолына тиген бір жылдың ішінде Қасым-Жомарт Тоқаев 74 кадрды қызметке тағайындап, 59 адамды жұмыстан босатса, 4 қызметкерге қатаң сөгіс берді.
20.03.2020
-
Коронавирус. Елбасы республикалық қор құруды ұсынды
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жариялады. Үндеуде Елбасы осындай сын сағатта ортақ істен ешкім де сырт қалмауға тиіс екенін айтты.
20.03.2020
-
Мамин Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимін қамтамасыз ету жұмыстарын тексерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19 наурызда ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасы – ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимін қамтамасыз ету жұмыстарын тексерді.
20.03.2020
-
Coronavirus2020.kz сайты іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
20.03.2020
-
Тоқаевтың 1 жыл атқарған жұмысы 4 томдық кітап болып жарық көрді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 жылдық жұмыстың қорытындысы ретінде "Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу" деген атпен 4 томдық жинақ шықты, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында.
20.03.2020
-
Алматыда Гоголь көшесі бойында тағы бір үй қоршауға алынды
Алматы, BAQ.KZ. Бұл туралы осы үйде тұратын журналист Индира Хаметчина Facebook парақшасында жазды.
20.03.2020
-
Барлық теннис жарысы жазға дейін тоқтатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирусқа байланысты барлық теннис жарыстары жазға дейін тоқтатылды, деп хабарлайды prosports.kz
20.03.2020
-
20 наурызға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2020 жылғы 20 наурызда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау-консультациясын ұсынды.
20.03.2020
-
Коронавирус: Қарағандыда 2, Алматыда 3 науқас тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы 20 наурыздағы 08.30 сағаттағы жағдай коронавирус жұқтырғандар саны 49 адамға жеткені белгілі болды.
20.03.2020
-
Алматыда тағы бір үй карантинге алынды – БАҚ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Тайыр Жароков көшесі, 16 мекенжайында орналасқан тағы бір тұрғын үй толықтай карантинге жабылды. Бұл туралы "КТК" телеарнасында хабарланды.
20.03.2020
-
Атырау халықаралық әуежайына Хиуаз Доспанова есімі берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Атырау халықаралық әуежайына аты аңызға айналған ұшқыш, Қазақстанның Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанованың есімі берілді.
20.03.2020
-
Коронавирус: Шымкентте профилактикалық жұмыстар күшейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты сақтық шаралары қатаң қолға алынды. Шымкентте де дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
20.03.2020
-
Елбасы Қазақстан халқына Үндеу жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы қазақстандықтарға ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкіметтің осы күндері коронавирустық инфекцияның таралуымен күресу мақсатында жүзеге асырылып жатқан әрекеттерін қолдауға шақырды.
20.03.2020
-
Жамбылда 120-дан астам пәтер ұрлығы тіркелген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облыстық полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Ж.Сүлейменовтің бұйрығымен аймақта «Пәтер» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
20.03.2020
-
Израиль билігі азаматтарға үйлерінен шығуға тыйым салды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Израиль коронавирусқа байланысты карантин шараларын күшейтуде. Бұл туралы премьер-министр Биньямин Нетаньяху мәлімдеді, деп хабарлайды Newsru.co.il ақпарат агенттігі.
"Қиын кезеңдер қиын шешімдерді талап етіп отырғанын" атап өтті. Үкімет басшысы түнде үкімет үйден кетуге тыйым салатын төтенше жағдай ережелерін бекітетінін айтты.
Бұл қазір сұрау емес, ұсыныс емес, енді бұл полицияның орындауы керек бұйрық, - деді премьер-министр Биньямин Нетаньяху.
Ол мұндай шаралар Израиль тарихында алғаш рет енгізіліп жатқанын атап өтті.
Аса мұқтаждық туындамаса ешқандай себепсіз үйден шығуға тыйым жеті күнге созылады және қажет болса ұзартылуы мүмкін екенін айтты.
Жаңа жарлыққа сәйкес, тамақ немесе дәрі сатып алуға; медициналық көмек алуға ғана болады.
Сонымен қатар үкімет өмірлік маңызды деп таныған кәсіпорындардың қызметкерлеріне жұмысқа баруға рұқсат етілетінін жеткізді.
Израильдің Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, 573 израильдіктерге коронавирус диагнозы қойылған, олардың алтауының жағдайы ауыр.
20.03.2020
-
Карантин: Жолаушылар пойыздарының кестесі өзгерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карантин кезеңіндегі жолаушылар пойыздарының кестесіне өзгерістер енді.
2020 жылғы 22 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы стансаларындағы теміржол вокзалдары барлық бағыттар бойынша жолаушылар үшін кетуге және келуге жабық болады.
Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияның әрі қарай таралуына жол бермеу мақсатында ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес жолаушыларға сауалнама жүргізу енгізілген.
Төтенше жағдайды ескере отырып, теміржол көлігімен жол жүруден бас тартқан жолаушыларға хабарласқан күніне қарамастан билет құны толық көлемде қайтарылады.
22 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы теміржол желілері бойынша қатынайтын 63 жолаушылар пойызының 44-і (Нұр-Сұлтан бойынша – 22, Алматы бойынша – 22 пойыз) тоқтатылады.
Стандартты
1. №10/9 Нұр-Сұлтан-Алматы
2. №53/54 Нұр-Сұлтан-Достық
3. №39/40 Нұр-Сұлтан-Челябинск
4. №353/354 Нұр-Сұлтан-Семей
5. №603/604 Нұр-Сұлтан-Арқалық
6. №623/627 Нұр-Сұлтан-Петропавл-Қызыл-Ту
7. №655/656 Нұр-Сұлтан-Айсары
8. №673/674 Павлодар-Нұр-Сұлтан
9. №7/8 Алматы-Саратов
10. №13/14 Алматы-Достық
11. №301/302 Алматы-Новосібір
12. №351/352 Алматы-Өскемен
13. №373/374 Алматы-Жезқазған
14. №379/380 Алматы-Орал
15. №393/394 Алматы-Алтынкөл
Тальго
1. №3/4 Нұр-Сұлтан-Алматы
2. №67/68 Нұр-Сұлтан-Өскемен
3. №91/92 Нұр-Сұлтан-Қызылорда
4. №95/96 Нұр-Сұлтан-Орал
5. №1/2 Алматы-Ташкент
6. №11/12 Алматы-Шымкент
7. № 25/26 Алматы-Шымкент
8. №29/30 Алматы-Атырау
9. №31/32 Алматы-Павлодар
10. №51/52 Алматы-Орал
11. №69/70 Алматы-Өскемен
12. №71/72 Алматы-Түркістан
13. №701/702 Алматы-Нұр-Сұлтан
14. №705/706 Алматы-Петропавл
15. №712/711 Нұр-Сұлтан-Шымкент
Қалааралық
1. №7502/7501 Нұр-Сұлтан-Павлодар
2. №7510/7509 Нұр-Сұлтан-Павлодар
3 №7507/7508 Нұр-Сұлтан-Көкшетау
4. №6829/6830 Ерейментау-Көкшетау
5. №6803/6804 Нұр-Сұлтан-Атбасар
6. №7553/7556 Қарағанды-Нұр-Сұлтан
7.№6932/6931 Алматы-Сарыөзек
8. №6934/6933 Сарыөзек-Ақтоғай
9. №6985/6986 Алматы-Алтынкөл
10. №6996/6995 Көкшетау-Қызыл-Ту
11. №6892/6891 Жалтыр-Жайнақ
12. №6889/6890 Атбасар-Есіл
Жекеменшік пойыздар
1. №15/16 Алматы-Петропавл
2. №6947/6948 Алматы-Қазыбек-Бек
8 транзиттік пойыз қатынай береді, бірақ енді олар Нұр-Сұлтан және Алматы стансаларына тоқтамайды.
1.№21/22 Қызылорда-Семей пойызы Алматы-1 стансасына тоқтамайды;
2.№83/84 Қарағанды-Петропавл пойызы Нұр-Сұлтан стансасына тоқтамайды;
3.№339/340 Павлодар-Пресногорьковская пойызы Нұр-Сұлтан стансасына тоқтамайды;
4.№43/44 Қостанай-Алматы Нұр-Сұлтан стансасына тоқтамайды және бағыты Отар стансасына дейін қысқартылды;
5.№327/328 Қостанай-Қарағанды пойызы Нұр-Сұлтан стансасына тоқтамайды;
6.№56/55 Қызылорда-Көкшетау пойызы Нұр-Сұлтан стансасына тоқтамайды;
7.№76/75 Қызылорда-Петропавл пойызы Нұр-Сұлтан стансасына тоқтамайды;
8.№118/117 Қызылорда-Нұр-Сұлтан пойызының бағдары өзгертіліп, Екібастұз стансасына дейін ұзартылды.
11 пойыз бойынша бағыттары жақын маңдағы стансаға дейін қысқартылады. Мысалы, Маңғыстау-Нұр-Сұлтан пойызының бағдары Маңғыстау-Атбасар стансасына дейін қысқартылады.
1.№37/38 Маңғыстау-Нұр-Сұлтан пойызының бағдары Атбасар стансасына дейін қысқартылды;
2.№47/48 Атырау-Нұр-Сұлтан пойызының бағдары Курорт-Боровое стансасына дейін қысқартылды;
3.№23/24 Ақтөбе-Алматы пойызының бағдары Шу стансасына дейін қысқартылды;
4.№33/34 Ақтөбе-Алматы пойызының бағдары Шу стансасына дейін қысқартылды;
5.№41/42 Атырау-Алматы пойызының бағдары Шу стансасына дейін қысқартылды;
6.№77/78 Маңғыстау-Алматы пойызының бағдары Шу стансасына дейін қысқартылды;
7.№86/85 Нұр-Сұлтан-Сарыағаш пойызының бағдары Қарағанды стансасына дейін қысқартылды;
8.№57/58 Орал-Нұр-Сұлтан пойызының бағдары Курорт-Боровое стансасына дейін қысқартылды;
9.№108/107 Жезқазған-Нұр-Сұлтан пойызының бағдары Қарағанды стансасына дейін қысқартылды;
10.№121/122 Нұр-Сұлтан-Семей пойызының бағдары Қарағанды стансасына дейін қысқартылды;
11.№6857/6858 Қарағанды-Нұр-Сұлтан қаламаңы пойызы Аршалы стансасына дейін қысқартылды.
20.03.2020
-
Алматыда әйел адамды троллейбус қағып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда троллейбус әйел адамды қағып кетті. Оқиғадан зардап шеккен азамат түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
20.03.2020
-
Төтенше жағдай: Қарағандыда сауда үйлері уақытша жабық
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда облыс аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу үшін сауда-ойын-сауық орталықтары мен ірі сауда үйлері қызметін 20 наурыздан бастап уақытша тоқтатады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
20.03.2020