Елордалық волонтерлер маскалар мен антисептиктер тарата бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 50-ден астам отбасы коронавирустық инфекцияны алдын алуға арналған гигиеналық құралдармен, бірінші қажеттіліктегі заттармен қамтылды,  деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты. 

"Nur Otan" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша аз қамтылған отбасыларға, жалғыз басты қарияларға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар мен көпбалалы отбасыларға арнайы қаражат бөлінгені белгілі.

50-ден астам отбасы коронавирустық инфекцияны алдын алуға арналған гигиеналық құралдармен, бірінші қажеттіліктегі заттармен қамтылды. Шараға "Nur Otan" және "Jas Otan" волонтерлерімен бірге елордалық Жастар саясаты басқармасының еріктілер штабы белсене қатысты.

Айта кетсек, карантин кезеңінде 5 000-ға жуық отбасыға көмек көрсету жоспарланған.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы