-
Қазақстанда мұнай өнімдерін импорттауға тыйым салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасына бензинді, авиациялық және дизель отынын теміржол, автомобиль және құбыржол көлігімен әкелуге 2020 жылдың 1 қарашасына дейінгі мерзімге тыйым салуды көздейтін «Қазақстан Республикасына мұнай өнімдерін жеткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы № 352 бұйрығы қабылданды.
13.10.2020
-
Малайзияда Абай атындағы орталық ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өту аясында 2020 жылғы 13 қазанда Куала-Лумпур қаласындағы Малайзия Ұлттық кітапханасы шеңберінде Абай атындағы қазақ әдебиеті және мәдениеті орталығы ашылды.
13.10.2020
-
Ертеңнен бастап елордада карантин режимі күшейтіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 14 қазаннан бастап карантин режимі күшейтіледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі хабарлады.
13.10.2020
-
Тоқаев: Жээнбеков – мемлекеттің легитимді басшысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент С.Жээнбеков – мемлекеттің легитимді басшысы. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің твиттердегі парақшасында осылай деп жазды.
13.10.2020
-
Қазақстанға әскери сынақ жүргізу үшін бронды машиналар ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түріктің «Otokar» компаниясы тәжірибелік әскери пайдалануды жүргізу үшін Қазақстанның Қарулы Күштеріне «Arma» брондалған дөңгелекті машинасының үлгісін өтеусіз негізде беруге дайын.
13.10.2020
-
Елімізде жер қатынастарына қатысты қызметтер цифрландырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы жер қатынастарына байланысты тағы бес мемлекеттік қызмет онлайн режимге ауыстырылды.
13.10.2020
-
Қоғам белсенділері "Халық алғысы" медалімен марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Мемлекет басшысы атынан белсенді волонтерлер, меценаттар, блогерлер мен журналистерді пандемиямен күресте қосқан үлестері үшін «Халық алғысы» медалімен марапаттады.
13.10.2020
-
Әліпби жобасы тиянақтала түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Орфографиялық жұмыс тобының онлайн отырысын өткізді.
13.10.2020
-
ТЖМ. Тағы бір вице-министр тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің Қаулысымен Күлдіков Марат Мұхаметқалиұлы Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
13.10.2020
-
Еліміз бойынша өкпені жасанды желдететін 866 аппарат таратылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі таңда ел өңірлеріне 866 өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараты жеткізілді.
13.10.2020
-
Жаңа ғана қызметінен босаған Пішембаев жаңа жұмысқа тұрды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің қаулысымен Мереке Құдайбергенұлы Пішембаев ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.
13.10.2020
-
ТЖМ вице-министр тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің қаулысымен Ибрагим Даукесұлы Күлшімбаев Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
13.10.2020
-
Алматыда 8 мыңнан астам адам 50 мың теңге көлемінде төлем алады
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда 8 мыңнан астам азаматтар «Birgemiz» қорының 5-ші көмек толқыны аясында 50 мың теңге көлемінде бірреттік төлем алады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
13.10.2020
-
COVID-19. Бір аптада 22 адам қаза болды, 18-і ШҚО-дан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 және 11 қазан аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 22 адам көз жұмды. Бұл туралы коронавирус індетінің еліміздегі ресми ақпарат көзі хабарлады.
13.10.2020
-
Пішембаев қызметінен босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мереке Пішембаев Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
13.10.2020
-
Тоқаев Еуразия Ұлттық университетінің жұмысына оң баға берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовты қабылдады.
13.10.2020
-
Қазақстанда сұйытылған мұнай газын шығаруға тыйым салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ағымдағы жылғы 7 қазанда «Сұйытылған мұнай газын тасымалдау жөніндегі кейбір мәселелер туралы» ҚР Энергетика министрінің бұйрығымен сұйытылған мұнай газын (бұдан әрі – СМГ) автомобиль көлігімен әкетуге үш жыл мерзімге тыйым салынды.
13.10.2020
-
Тоқаев Маминге еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды қатаң бақылауға алуды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Премьер-министрі Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
13.10.2020
-
Сандар эпиджағдайдың қиындап келе жатқанын көрсетеді – Нариман Әбілшайықов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматылық бизнесмендерді санитарлық нормаларды қатаң сақтауға және келушілер мен персоналдың денсаулығына қауіп төндірмеуге шақырамыз.
13.10.2020
-
Акико Санто: Абаймен танысу жапондарды Қазақстанмен жақындастырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияның саяси, мәдени және қоғамдық топтарының, сондай-ақ дипломатиялық корпустың қатысуымен қазақ ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлының жапон тілінде алғашқы рет шығарылған шығармалар кітабының тұсаукесері өтті.
13.10.2020