-
Елордада ІІ ауысымдағы сабақтар тоқтатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының қолайсыздығына байланысты елордадағы мектептерде сабақ тоқтатылды. Бұл туралы қалалық Білім басқармасы хабарлады.
12.01.2021
-
АҚШ-та Трамп жақтастарының қарулы акция ұйымдастырмақ екені хабарланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Федералдық тергеу бюросы АҚШ құқық қорғаушыларын елде экстремистік қарулы қарсылық акциясы ұйымдастырылғалы жатқаны жайлы хабардар етті, болжам бойынша ол жексенбі күні өтеді, деп жазды centralasia.media ВВС-ге сілтеме жасап.
12.01.2021
-
Қиын есептің жауабын тапқандарға 1400 доллар беремін - Асқар Жұмаділдаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Академик Асқар Жұмаділдаев «Tańsholpan» студиясында қонақта болып, жастарды математикаға құлшындыру үшін байқау ұйымдастырғанын айтты.
12.01.2021
-
Бүгін – Қонаевтың дүниеге келген күні
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дінмұхаммед Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында өмірге келген. Яғни, бүгін аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерінің туғанына 109 жыл толып отыр.
12.01.2021
-
Жамбыл облысының білім саласында жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесе білім саласындағы, дәлірек орта білім беру мекемелерінде тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың деңгейіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жұмыстарын жүргізді.
12.01.2021
-
Шетелден келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 11 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Швейцария, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 10 халықаралық әуе рейсі келді.
12.01.2021
-
Қытайдағы шахтада жарылыс болып, кеншілер үйінді астында қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше оқиға Шаньдун провинциясында болды. Құтқарушылар шахтаның жұмысшыларымен байланыс орнатуға тырысып жатыр, деп хабарлады Global Times газеті.
12.01.2021
-
Таразда құрылыс материалдары дүкені өртенді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
12.01.2021
-
COVID-19: Ақмола мен Қостанай облыстары «қызыл» аймақта
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды.
12.01.2021
-
Израиль билігі Иордан өзенінің батысына еврейлерді қоныстандыратынын мәлімдеді
Алматы, BAQ.KZ. Израиль Үкімет басшысы Биньямин Нетаньяху Иордан өзенінің батысына еврейлерді қоныстандыру үшін 800 пәтер тұрғызатынын мәлімдеді. Бұл туралы Израиль премьер-министрінің канцеляриясы хабарлады.
12.01.2021
-
Балабақшалар, мектептер мен колледждер аттестаттаудан өтетін болады – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым министррі Асхат Аймағамбетов Мемлекет басшысы қол қойған білім беру мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндірді.
12.01.2021
-
Ақмола облысында өрт болып, бір кісі қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Целиноград ауданы Ақмол ауылында жеке тұрғын үйден шыққан өрт салдарынын бір кісі қайтыс болған.
12.01.2021
-
Індетке шалдыққан 283 адамның жағдайы ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 12 қаңтарындағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат жарияланды.
12.01.2021
-
Испанияда қар құрсауында қалғандарға азық-түлік тікұшақпен жеткізіліп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалың қар құрсауында қалған Испанияда құтқарушылар көлік қатынасы қиындаған аудандарға COVID-19 -ға қарсы вакцина мен азық-түлікті тікұшақпен жеткізіп жатыр, деп жазды «Хабар 24».
12.01.2021
-
Эдди Хирн Головкинге жаңа қарсылас тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн орта салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBO титулының иегері Деметриус Андраденің жекпе- жегін өткізуге ниетті.
12.01.2021
-
ДДСҰ өкілдері Қытайға барып, коронавирустың шығу себебін зерттейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сарапшылар тобы Қытайға 14 қаңтарда барады, деп хабарлайды 24.kz.
12.01.2021
-
Өткен тәулікте 761 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 761 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
12.01.2021
-
Елімізде өткен тәулікте 692 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 692 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
12.01.2021
-
Түркістанда мемлекетке 7 млрд теңге салық төлеуден жалтарғандар ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекетке 7 миллиард теңгеден астам салық төлеуден жалтарған Түркістан облысының тұрғындары құрықталды, деп хабарлайды Оtyrar.kz.
12.01.2021
-
Түркістан: Түлкібас ауданында 140 отбасы баспаналы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түлкібас ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған 140 түлкібастық отбасы баспаналы болды. Жаңа пәтерлер көпбалалы және аз қамтамасыз етілген жанұяларға берілді, деп хабарлайды Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
12.01.2021