Елордада ІІ ауысымдағы сабақтар тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының қолайсыздығына байланысты елордадағы мектептерде сабақ тоқтатылды. Бұл туралы қалалық Білім басқармасы хабарлады. 

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы 12.01.2021 жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты ІІ ауысымдағы 0-11(12) сынып оқушылары үшін сабақ қашықтықтан оқыту форматына көшірілетіндігін хабарлайды, – делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы