-
Еліміздегі маңызды автожолдарда 350-ден астам камера орнатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің тас жолдарында бейнебақылау камераларын орнату жалғасуда. Бұл ақылы жолдарда ақы өндіру жүйесін орнату бойынша инвестициялық жобаның аясында қарастырылған.
11.02.2021
-
Тоқаев мемлекет меншігінен шығару саясатының үш негізгі қағидатын атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі форумның отандық бизнес өкілдері мен «Самұрық-Қазына» қоры үшін маңызды басқосу екенін айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
11.02.2021
-
Мұхтар Құл-Мұхаммед Мұқағалидың «Автографын» оқыды
Нұр-сұлтан, BAQ.KZ. Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай елімізде ақын өлеңдерін оқудан жыр эстафетасы өтіп жатқаны белгілі. Таяуда Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева эстафета кезегін көрнекті мемлекет қайраткері, сенатор, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммедке жолдаған еді.
11.02.2021
-
Ресей елшісі Никонов пен Федоровтың мәлімдемелеріне қатысты ашығын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин «Хабар 24» телеарнасына сұхбатында ресейлік депутаттардың Қазақстан шекарасына қатысты мәлімдемелеріне пікір білдірді.
11.02.2021
-
Атыраулық мәдениет қызметкері музыкалық аспаптарды ломбардқа өткізіп жіберген
Алматы, BAQ.KZ. Атырау облысында мемлекет мүлкін талан-таражға салғаны үшін мәдениет саласының қызметкері 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторингі агенттігі хабарлады.
11.02.2021
-
COVID-19. Әлемдік ахуал
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індеті басталғалы да бір жылдан асты. Ал бір айдан кейін елімізде карантин режимі басталғанына да бір жыл болады. Қатерлі індеттің әлем бойынша бүгінгі жағдайы қандай екені жарияланды.
11.02.2021
-
Әуежайда санитарлық нормалардың сақталуы қалай бақыланады
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша мегаполис аумағында қоғамдық орындарда санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы бақыланады. Олардың қатарында Алматы халықаралық әуежайы бар, онда келушілердің жағдайын және оларда COVID-19-ға теріс ПТР тестінің нәтижесі теріс болуын бақылайды.
11.02.2021
-
Ақтөбелік азамат өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе қаласының тұрғыны көлікті есірткі шегіп жүргізгені анықталды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
11.02.2021
-
Былтыр Қазақстан шамамен 20 млн долларға гуманитарлық көмек алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы дағдарыс кезінде Қазақстан 19 миллион долларға гуманитарлық көмек алды, оның жартысынан көбін Қытай қамтамасыз етті. Ал Қазақстанның өзі 3 миллион доллардан астам сомаға гуманитарлық көмек көрсетті.
11.02.2021
-
Әуе рейсі. Кеше елімізге 300-ге жуық ПТР анықтамасыз жолаушы келген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 10 ақпанында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Корея, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.
11.02.2021
-
Алматы полициясы азаматтарды көбіне не мазалайтынын айтты
Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы азаматтарды көбіне не мазалайтынына талдау жүргізді. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуінде айтты.
11.02.2021
-
ШҚО-да қар көшкінінің жүруінен турист қаза болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 ақпанда Облыс орталығынан келген алты саяхатшы Риддер қаласында Үлбі өзенінің маңайындағы Сержиха тауында қарда сырғанап жүрген. Кенеттен таудан көшкін жүріп кетті. Демалушылардың бірін қар басып қалды.
11.02.2021
-
Елорда «сары» аймаққа енді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК еліміздің өңірлеріндегі 2021 жылғы 11 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.
11.02.2021
-
Халықаралық әуе рейстері саны ұлғайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұрақты халықаралық жолаушылар рейстері ұлғайтылды. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
11.02.2021
-
АӘК алушыларға әлеуметтік көмек тағайындау автоматты түрде ұзартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы I тоқсанда барлық атаулы әлеуметтік көмек алушыларға мемлекеттік инстанцияға жүгінбей, АӘК тағайындауға өтініш автоматты түрде ұзартылды. Бұл шара 106 мың отбасының 525 мыңға жуық адамына қатысты болды.
11.02.2021
-
ІІМ сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерді атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінде ішкі істер органдары көрсететін 40 қызметтің 38-і (95%) автоматтандырылған. 2020 жылы ішкі істер органдары 8 млн 937 мың мемлекеттік қызмет көрсеткен.
11.02.2021
-
Өткен тәулікте 52 адам пневмониямен түскен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 2021 жылғы 11 ақпандағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жариялады.
11.02.2021
-
Коронавирус пен пневмониядан 9 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 11 ақпандағы ақпаратты жариялады.
11.02.2021
-
Мамандар: Ресейлік «Спутник V» вакцинасынан қорқудың қажеті жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде вакциналау жайында жалған ақпарат тарады, деп хабарлайды «Хабар 24».
11.02.2021
-
Коронавирус: тағы 1530 адам емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 1530 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
11.02.2021