-
«Болашақтың» 545 дәрігері жылына 213 мың ота жасайды - Айнұр Кәрібозова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Болашақ» бағдарламасымен денсаулық сақтау саласы бойынша шетелде оқып келген дәрігерлер 1 жылда 213 мың қазақстандықтың өмірін сақтап қалған. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозова айтты.
30.11.2021
-
Астанада көне кітаптар мен қолжазбалар көрмесі ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада көне кітаптар мен қолжазбалар көрмесінің ашылу салтанаты өтті. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде сақталған мұраның бір бөлігі астанаға Түркістанның тарихи маңызын, оның мәдени-рухани келбетін ашып көрсету, тарихи мұраларды насихаттау үшін әкелінді.
30.11.2021
-
Инвестиция тарту саясаты қайта қарастырылады – Әбдіқадыров
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда инвестиция тарту саясаты қайта қарастырылады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров хабарлады.
29.11.2021
-
Вице-министр соңғы 10 жылда елімізге қанша инвестиция тартылғанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде өткен жылмен салыстырғанда өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, ауыл шаруашылығы салалары инвестицияны көбірек тартқан. ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров өңірлер бөлінісінде үздік және төмен нәтиже көрсеткен облыстарды атады.
29.11.2021
-
Әбдіқадіров қай сала инвестицияны көп тартатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Басқа салаларға қарағанда IT және қызмет көрсету саласындағы жобалар инвестицияны көбірек тартады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров брифингте баяндады.
29.11.2021
-
Елімізде инвестиция көлемі 30%-ға төмендеген – вице-министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Пандемия кезінде Қазақстанда тікелей шетелдік инвестиция ағыны 30%-ға төмендеп, 17 миллиард АҚШ долларын құрады. Ал 2021 жылдың қорытындысы бойынша 20 млрд АҚШ доллары көлемінде болды.
29.11.2021
-
Жастардың жеңіл атлетикаға қызығушылығы жоғары – Айдын Тоқбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Енді елордалық жас жеңіл атлеттер техникалық жаттығу түрлерімен де шұғылданатын болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» директоры Айдын Тоқбаев мәлімдеді.
26.11.2021
-
Елордада жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада 2004-2005 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтіп жатыр. Турнирге ТМД мемлекеттерінен және еліміздің 6 өңірінен келген спортшылар қатысуда.
26.11.2021
-
Елімізде кітап реставраторлары тапшы – Сырым Ботабеков
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда кітап реставраторлары жетіспейді. Ал отандық жоғары оқу орындары ондай мамандарды даярламайды.
26.11.2021
-
Абай Құнанбайұлының 1909 жылғы өлеңдер жинағына алғаш рет реставрация жасалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Абай Құнанбайұлының 1909 жылы шыққан өлеңдер жинағына алғаш рет реставрация жасалды. Реставратор мамандар 120 беттен тұратын кітапты өңдеп, Семейдегі Абай музейіне табыстады.
26.11.2021
-
Сағила Нұрланова: Бүгінгі құжат – ертеңгі тарих
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда алғаш рет архив саласындағы реставрацияны дамытуға бағытталған семинар өтті.
26.11.2021
-
Мешіттерге деген ықыласым ерекше – жас суретші
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев «Қазақстандықтардың көзімен Түркия» атты сурет көрмесінде туындыларын көпшілікке ұсынған өнерпаздарды құттықтады.
25.11.2021
-
Түркия Елшісі: Біздің тарихымыз, тамырымыз, тіліміз, дініміз бір
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығының ұйымдастыруымен «Оқушыларымыздың қылқаламымен Түркия» атты сурет көрмесінің тұсаукесері өтті.
25.11.2021
-
Астанада бір тәулікте қардың бір айлық мөлшері жауды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада бір тәулікте қардың бір айлық мөлшері жауды. Салдарынан таңертең автобустар аялдамалардан бірнеше метрге алыс тоқтады. Жаяу жүргіншілерге омбы қармен жұмысқа жету қиындады.
25.11.2021
-
Мұзға түсіп кетпес үшін нені білу керек? – Құтқарушылар кеңесі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қыста мұздың қалыңдығы күн сайын есептеледі. Мұз қату кезеңінде елордада Төтенше жағдайлар департаменті әкімдікпен бірлесіп 111 тыйым салу белгісін орнатты.
24.11.2021
-
Биыл мұз астына түсіп кету оқиғасы тіркелген жоқ - құтқарушылар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазан-қараша айларында елордалық тұрғындар арасында мұз ойылып, суға түсіп кету фактілері орын алған жоқ. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Азаматтық қорғау басқарма бастығы Ратбек Демеуберген брифингте мәлімдеді.
24.11.2021
-
Синоптиктер астананың қысқы ауа райына болжам жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада қыста ауа температурасы климаттық норма шегінде болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Азаматтық қорғау басқарма бастығы Ратбек Демеуберген брифинг барысында айтты.
24.11.2021
-
Қазақ хан, сұлтандарының Ресейге жазған хаттары аз емес - тарихшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақ хан, сұлтандарының Цин патшалығына жазған хаттарының жалпы саны 151 дана.
24.11.2021
-
Тарихи кодтың генезисі мен эволюциясында екі дәуір бар – Ханкелді Әбжанов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақтың тарихи кодының эволюциясында екі дәуір бар. Бұл туралы тарих ғылымдарының докторы Ханкелді Әбжанов «Ұлы дала құндылықтары: тәуелсіздік және тіл» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция барысында айтты.
24.11.2021