-
Газдандыру. Қарағанды 2021 жылы табиғи газға қосылады
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. «Сарыарқа» газ магистралінің құрылысы аясында Қарағандының бірқатар ірі қаласы мен жүзден аса елді мекеннің тұрғындары табиғи газбен қамтылады. Газ құбырының құрылысы кестеге сай жүзеге асырылуда.
21.10.2020
-
Қарағанды облысының ауылшаруашылық саласында ілгерілеу бар – басқарма басшысы
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Аймақта мал басы өсіп, егін алқабының көлемі артқан. Суармалы егіншілік саласын дамыту қолға алынып, тозған жайылымдық жерлер қалпына келтірілуде. Ауыл шаруашылығы саласына тартылған инвестиция көлемі де артқан. Алдағы жоспарда экспорт көлемін ұлғайту. Аймақтың мал шаруашылығы және егіншілік салаларындағы жаңалықтары жайлы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы баяндаған болатын.
16.10.2020
-
Скринингтік тексерулер нәтиже беруде – онколог дәрігер
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде халықтың денсаулығын сақтау бағытында түрлі ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның бірі саналатын cкринингтік тексерулер ауруды ерте анықтаудың басты құралы болып отыр.
08.10.2020
-
Қарағанды орталығында Абайға көше берілді
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай облыс орталығындағы көшелердің біріне оның есімі берілді. Бұрынғы Ленин көшесі енді қазақтың ұлы ойшылының атымен аталады. Бұған дейін облыс орталығында Абайдың атымен аталатын көше болмаған еді.
07.10.2020
-
Мемлекеттік қызметте кәсіби, тәжірибелі мамандар қалуы керек – Айгүл Байханова
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауында мемлекеттік қызмет жүйесін ретке келтіріп, мемлекеттік аппараттағы қызметкерлерді қысқартуды тапсырған болатын.
07.10.2020
-
Қарағандыда ерекше балалардың айрықша көрмесі ашылды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандылықтар мен қала қонақтары облыстық «Бейнелеу өнері мұражайында» ашылған «Әлем балалар көзімен» атты көрмені тамашалай алады.
05.10.2020
-
Праймериз. Қарағанды облысында 210 бөлімде дауыс беру жүріп жатыр
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды аймағы бойынша «NurOtan» партиясы праймеризіне дауыс берудің үшінші кезеңі өтуде. Аймақ бойынша 210 дауыс беру пунктерінде дауыс беру қарқынды жүргізілуде.
03.10.2020
-
Қарағандыда заманауи Оқушылар сарайы салынып жатыр
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Облыс орталығында жасөспірімдер мен оқушыларға арналған орталық салынып жатыр. «Оқушылар сарайының» құрылысы желтоқсан айында аяқталады деп жоспарлануда.
01.10.2020
-
1934 жылы салынған мектепке алғаш рет күрделі жөндеу жүргізілді
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Қарағандының білім мекемелерінің 90 пайызына ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жасалды. Бұл үшін бюджеттен 4 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлінген.
30.09.2020
-
Қарағандының қоғамдық көліктерінде электронды билет жүйесі қосылды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Облыс орталығындағы жолаушылар автобусында электронды билет жүйесі ертеңнен бастап ресми түрде жұмыс істей бастайды. Бұл жаңашылдықты қарағандылықтар бірнеше жылдан бері күткен болатын.
30.09.2020
-
Қарағанды облысында екі гемодиализ орталығы ашылды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысының Осакаровка ауданында және Абай ауданының Топар кентінде жаңа медицина мекемелері ашылды.
29.09.2020
-
Қарағандыда ерекше балаларға арналған спорт секциялары ашылды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда алғаш рет аутизм, сал ауруына, Дауна синдромына, психологиялық ауытқу сырқаттарына шалдыққан балаларға арналған спорт секциялары ашылды.
25.09.2020
-
Қарағандыда бейбіт митинг өтіп жатыр
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Облыс орталығындағы Абай ескерткішінің жанында бейбіт митинг өтіп жатыр. Сағат 11.00-де басталған митингке елуге тарта адам жиналды. Бейбіт митингке келген қала тұрғындары әртүрлі мәселелерді көтеруде. Олар жердің шетелдіктерге жалға берілмеуі, халықтың несиесінің кешірілуі мәселелерімен қатар көпбалалы отбасылардың проблемаларын да көтерді.
13.09.2020
-
Еңбек бағдарламасы: Қарағанды облысында 42 мың адамға көмек көрсетіледі
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды өңірінде нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда. Бағдарламаны іске асыру үшін 9,1 млрд теңге көлеміндегі қаржы бөлінген.
31.08.2020
-
Майқұдықта ауқымды жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандының Магнитогорск көшесінен Карл Маркс көшесіне дейінгі жалпы ұзындығы 10,5 шақырымды құрайтын жолда күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Қарағандының Майқұдығын орталықпен байланыстыратын басты күре жолдағы құрылыс жұмыстарының қалай жүріп жатқандығын байқап қайтқан едік.
29.08.2020
-
Қарағандылық мұғалімдер қашықтан оқыту әдістемесімен бөлісті
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қашықтықтан оқыту әдіс-тәсілдері бойынша ауыл мектептерінің мұғалімдері үшін онлайн-семинар ұйымдастырылды.
18.08.2020
-
Жұмыспен қамтудың жол картасы: Қарағандыда бағдарлама қалай жүзеге асырылуда?
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысында "Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020" бағдарламасы аясында 627 жобаны іске асыру жоспарланған. 16 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды.
31.07.2020
-
Қаражалдың тумасы ауыл халқына дәрі-дәрмек таратты
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысы, Қаражал қаласы Ақтай ауылы мен Қылыш елдімекендерінің тұрғындарына COVID-19 вирусына қарсы дәрілік препараттар үлестірілді. Дәрі-дәрмекті ауыл азаматы өз қаражатына сатып алған.
31.07.2020
-
Қарағанды дәріханаларына 2-3 күнде 190 мың "Парацетамол" әкелінеді
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандының дәріханаларындағы ыстық түсіретін, вирусқа қарсы дәрілердің және антибиотиктердің жетіспеушілігін жою мақсатында тиісті жұмыстар атқаралып жатыр. Бұл жайында облыс әкімі Жеңіс Қасымбек брифингте мәлімдеді.
07.07.2020
-
Қарағандыда көпқабатты 440 үйдің шатыры мен қасбеті жөнделеді
Бұл үшін бюджеттен жалпы соммасы 76 млрд теңге бөлінген.
07.07.2020