Қарағандыда бейбіт митинг өтіп жатыр

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Облыс орталығындағы Абай ескерткішінің жанында бейбіт митинг өтіп жатыр. Сағат 11.00-де басталған митингке елуге тарта адам жиналды. Бейбіт митингке келген қала тұрғындары әртүрлі мәселелерді көтеруде. Олар жердің шетелдіктерге жалға берілмеуі, халықтың несиесінің кешірілуі мәселелерімен қатар көпбалалы отбасылардың проблемаларын да көтерді.

Бейбіт мақсатта өтіп жатқан митинг арқылы билікке өз сөзімізді жеткізгіміз келеді. Бүгінгі митинг заң аясында, сонымен қатар, карантин талаптарының орындалуымен өткізілетін болады. Митингке қатысушылар бетперде киіп, әлеуметтік арақашықтықты сақтаулары қажет,- дейді бейбіт митингті ұйымдастырушылардың бірі Теміртас Нығметтолаев.


Бейбіт шараға қатысушылардың барлықтарына өз пікірін білдіруге рұқсат етілген. Сөйлеушілердің әрқайсысы 3-4 минуттан өз ойларын ортаға салуда.



Қаланың орталық алаңдарыны бірінде ұйымдастырылған бейбіт митингтің заң аясында өтуін полиция қызметкерлері қадағалауда. Сонымен қатар, жақын маңнан жол қозғалысын реттеу қызметі мен жедел жәрдемнің қызметтік көліктерін және медицина қызметкерлерін көрдік. 



Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мамыр айында «Қазaқстaн Республикaсындa бейбіт жинaлыстaрды ұйымдaстыру жәнe өткiзу тәртібi турaлы» заңға қол қойған болатын.






Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы