-
Жапонияның батысында 6,4 балдық күшті жер сілкінісі болды Жапонияның батысындағы Симанэ және Тоттори префектураларында магнитудасы 6,4 болатын күшті жер сілкінісі тіркелді. Цунами қаупі анықталған жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ Kyodo басылымына сілтеме жасап. 06.01.2026 -
Атырау облысында бір отбасы із-түзсіз кеткен: ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды Атырау облысы Қызылқоға ауданы аумағында хабар-ошарсыз кеткен ерлі-зайыптылардың мәйіттері табылды. Қазіргі уақытта тағы екі жоғалған адамның жүрген жерін анықтау бойынша іздестіру шаралары жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 06.01.2026 -
Қазақстанда зейнетақы көбейді: БЖЗҚ кімдерге қосымша есептейтіні белгілі болды 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін зейнетақы төлемдері бұрыннан зейнетақы алып жүрген азаматтар үшін 5 пайызға ұлғаяды. Бұл өсім ай сайынғы төлемдерді индекстеу аясында жүзеге асырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 06.01.2026 -
Қазақстандықтардың зейнетақы жүйесіне сенімі бар ма? БЖЗҚ Қазақстан халқының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылық деңгейін, зейнетақы жүйесіне деген сенімін және жинақтаушы модельге азаматтардың қатысу белсенділігін анықтау мақсатында сауалнама жүргізді. Зерттеу нәтижесін BAQ.KZ хабарлады. 06.01.2026 -
Астанада аяз күшейсе, Алматыда күн жылынады: Алдағы 3 күнге ауа райы болжамы "Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы үш күнде, яғни 7, 8 және 9 қаңтар күндері Астана мен Алматыда қандай ауа райы күтілетінін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 06.01.2026 -
Астанада рейстер кешігіп жатыр: 5 бағытта ұшып шығу кейінге шегерілді Астана халықаралық әуежайында 5 рейс кешіктірілді. Келу бағытында да кідірістер бар. Қазіргі уақытта әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 06.01.2026 -
Венесуэладан кейін кімдер кезекте? Трамп көз тіккен бес ел АҚШ-та Дональд Трамп президенттігінің екінші мерзімі оның сыртқы саясаттағы қатаң әрі агрессивті ұстанымымен ерекшеленіп отыр. Венесуэладағы түнгі операциядан кейін Трамп Вашингтон ықпалындағы бірқатар елге ашық ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап. 06.01.2026 -
Шахтадағы апат: "Соколов-Сарыбайда" жарылыс болып, машинист жарақат алды Рудный қаласындағы шахтада жарылыс болып, машинист жарақат алды. Оқиға туралы iagorod.kz порталы мәлім етті. Журналистердің сұрауына жауап берген «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ-ның (ССГПО) Корпоративтік коммуникациялар қызметі жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 06.01.2026 -
Боран мен көктайғақ: Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтіледі. Синоптиктер қар жауып, боран соғуы, тұман түсуі, көктайғақтың пайда болуы және желдің дауылды деңгейге дейін күшеюі мүмкін екенін ескертеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 06.01.2026 -
Кісен салып, 4 сағат іліп қойған: Шымкенттегі түзеу мекемесіндегі азаптау фактісі тергелуде Шымкенттегі түзеу мекемесінде сотталғандарды азаптады деген күдікпен үш қызметкер қамауға алынды. Бас прокуратура істі азаптау бабы бойынша қайта саралады. Жәбірленушілердің бірі 4 сағат бойы асулы күйде болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 05.01.2026 -
Клиенттер шағымдануда: Halyk Bank сервистерінде ақау тіркелді Қазақстандықтар Halyk Bank мобильді қосымшасын пайдалану кезінде жаппай қиындықтарға тап болды. Банктің баспасөз қызметі техникалық жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 05.01.2026 -
Қазақстанда халық саны күрт өсті: қай өңір алда, қайсысы артта? Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ел халқының саны туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 05.01.2026 -
Қазақстанда жедел жәрдем шақыртуға қанша минутта жетеді? Қазақстанда жедел жәрдемнің орташа жету уақыты, шақыртулар саны мен сәтті реанимация көрсеткіші белгілі болды. Денсаулық сақтау министрлігі жедел медициналық көмектің негізгі көрсеткіштерін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 05.01.2026 -
Енді жүргізушілер барлық құжатты алып жүруге міндетті ме? – ІІМ жауап берді Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге мессенджерлер арқылы таралып жатқан жалған ақпаратқа байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 05.01.2026 -
100 млн теңге: Таразда алаяқтық жасаған күдікті Ресейде ұсталды Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы аса ірі мөлшерде бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 05.01.2026 -
Мемлекеттік құпияларды жария еткен: Павлодарда түзеу мекемесінің бастығы сотталды Павлодарда сот №45 түзеу мекемесінің бұрынғы басшысына қатысты үкім шығарды, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны және мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін кінәлі деп танылған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 05.01.2026 -
Әлемде: Йемендегі қақтығыс, Украинадағы соғыс, криптовалюта нарығында жаңа өзгерістер Соңғы 24 сағатта әлемде болған ең маңызды оқиғалар: Таяу Шығыстағы қақтығыс, Украинадағы соғыс, АҚШ пен Венесуэла арасындағы шиеленіс, жаһандық экономика мен спорттағы басты жаңалықтар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 05.01.2026 -
Танымал режиссер мен оның жұбайы үйінен өлі табылды Құқық қорғау органдары оқиғаны адам өлтіру дерегі ретінде тергеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап. 15.12.2025 -
Астанадағы қолайсыз ауа райы: әуежайда рейстер кешіктіріліп жатыр ма? Астана халықаралық әуежайы қолайсыз ауа райына қарамастан қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Қазіргі уақытта ауа райына байланысты рейстердің кешіктірілуі тіркелген жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ. 15.12.2025 -
Қазақстанда Жаңа жылға орай кімдерге әлеуметтік төлемдер берілетіні белгілі болды Жыл соңына таяған сайын көпбалалы отбасылар, зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдар арасында қосымша әлеуметтік төлемдер мәселесі ең өзекті тақырыптардың біріне айналады. BAQ.KZ тілшісі өңірлердің жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармаларынан ресми жауап алып, 2025 жылы Жаңа жылға орай төлемдер қарастырылған-қарастырылмағанын, сондай-ақ 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне қандай қолдау шаралары көрсетілетінін анықтады. 15.12.2025