-
Түркістан облысында емхана басшысынан 1 млн теңге талап еткен блогер ұсталды Түркістан облысында медициналық мекеме басшысынан ақша талап еткен блогер ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 16.01.2026 -
Денсаулық сақтау жүйесі толық цифрландырылады: Үкімет ӘМСҚ реформасын бастайды Үкімет денсаулық сақтау саласындағы қаржылық және әкімшілік процестерді толық цифрландыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) қызметін талдау қорытындысы бойынша белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 16.01.2026 -
996 марқұмға көрсетілген қызмет: ӘМСҚ деректері тергеуге жолданады Мемлекет басшысының бюджет тәртібін күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет медициналық қызметтерді қаржыландыру жүйесіне жүргізілген талдау нәтижелерін құқық қорғау органдарына жолдауды тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 16.01.2026 -
"Тұрмысқа шығуға мәжбүрледі": 17 жастағы студенттің мәлімдемесі бойынша қылмыстық іс қозғалды Шымкент қаласының 17 жастағы студенті зорлықпен тұрмысқа шығаруға әрекет жасалғанын мәлімдеді. Полиция ҚР ҚК-нің 125-1-бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 16.01.2026 -
Ойын кезінде екі жасөспірім құм астында қалып, қаза тапты Екі 14 жастағы жасөспірім ойын кезінде құм астында қалып, қаза болды, деп хабарлайды BAQ.KZ People басылымына сілтеме жасап. 16.01.2026 -
Жалған пациенттер мен қосарланған төлемдер: Үкімет ӘМСҚ-ны Қаржы министрлігінің қарамағына берді Мемлекет басшысының бюджет тәртібін күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет медициналық қызметтерді қаржыландыру жүйесіне ауқымды талдау жүргізді. Нәтижесінде жеке медициналық ұйымдарды қаржыландыру барысында бірқатар өрескел заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 16.01.2026 -
Әскери жағдай жариялаған экс-президент 5 жылға сотталды Оңтүстік Корея Республикасының бұрынғы президенті Юн Сок Ёль 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап. 16.01.2026 -
Теміржолшыларға баспана: Президент ҚТЖ бастамасын қолдады Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновті қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның өткен жылы атқарған қызметінің нәтижелері жөнінде мәлімет беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 16.01.2026 -
21 жастағы қыз өлімі: Шымкент полициясына қатысты қызметтік тексеру тағайындалды Шымкент қаласында қыздың өліміне қатысты қылмыстық істің тергеу барысы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бақылауында. Полиция қызметкерлерінің әрекетіне қызметтік тексеру басталды, күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 16.01.2026 -
Туған әкесін аяусыз ұрып-соққан ер адам 5 жылға қамалды Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Қоссейіт ауылында тұратын 41 жастағы Алмас Садақбаев қарт әкесіне қатысты қатыгездік көрсетіп, оны қорлағаны үшін, сондай-ақ дәрменсіз күйде болған ата-анасына орташа ауырлықтағы қасақана дене жарақатын келтіргені үшін кінәлі деп танылды. Ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 16.01.2026 -
КТК-дағы шектеулер: Қазақстан 300 мың тонна мұнайды балама бағыттарға жіберді 2025 жылғы желтоқсанда Каспий құбыр консорциумы (КТК) жүйесіндегі шектеулерге байланысты Қазақстан шамамен 300 мың тонна мұнайды өзге экспорттық бағыттарға қайта бағыттады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 16.01.2026 -
Астанада шөбересін зорлаған 82 жастағы ер адам 20 жылға сотталды Астана қаласының соты 82 жастағы ер адамды жеті жастағы шөбересіне қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны үшін 20 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап. 16.01.2026 -
Қызмет үстінде қаза: Ақтауда әскери қызметкерді КамАЗ қағып өлтірді Ақтауда әскери полигоннан қайтып келе жатқан бөлімше құрамындағы келісімшартпен қызмет ететін әскери қызметкерді қызметтік КамАЗ қағып өлтірді. Қайғылы оқиға 14 қаңтарда қолайсыз ауа райы жағдайында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ. 15.01.2026 -
Дәмді әрі арзан: Демалыс күндері Астанада фермерлік жәрмеңке өтеді 17-18 қаңтар күндері Астана қаласында қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Жергілікті фермерлердің ет, сүт, көкөніс, жеміс-жидек және өзге де өнімдері тұрғындарға тиімді бағамен ұсынылады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 15.01.2026 -
-30 градус аяз, тұман мен көктайғақ: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы "Қазгидромет" РМК синоптиктері 16, 17 және 18 қаңтарға арналған Астана мен Алматы қалаларындағы ауа райы болжамын ұсынды. Елордада -30 градусқа дейін аяз күтілсе, Алматыда қар, тұман және көктайғақ сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 15.01.2026 -
Сауда орталығында зейнеткерге "қызы" 5 млн теңгеге несие алғызбақ болды Жетісу облысында полицейлер зейнеткер әйелді алаяқтардың құрбаны болудан сақтап қалды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері ірі сауда орталықтарының бірінде күдікті жағдайды дер кезінде байқап, қылмыстың алдын алды, деп жазады BAQ.KZ. 15.01.2026 -
Әлемде: Трамптың қатаң мәлімдемесі, Ирандағы шиеленіс және АҚШ-тың жаңа шектеулері АҚШ президенті Дональд Трамптың Гренландияға қатысты қатаң мәлімдемесі, Иран маңындағы әскери қауіп, Арменияның ЕАЭО мен ЕО арасындағы таңдауы, Иранда Starlink арқылы интернеттің іске қосылуы және АҚШ-тың 75 елге визалық шектеу енгізуі. BAQ.KZ тілшісі әлемдегі басты жаңалықтар дайджестін назарларыңызға ұсынады. 15.01.2026 -
Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Қазақстан рейстердің бағыттарын өзгертті Air Astana әуе компаниясы Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты бірқатар тұрақты және чартерлік рейстердің бағыттары өзгертілгенін хабарлады, деп жазады BAQ.KZ. 15.01.2026 -
Ақмолада полицей жолда қалған жүргізушіні үйіне қондырды Ақмола облысы Полиция департаментінің Instagram-дағы ресми парақшасына Көкшетау қаласының тұрғынынан полиция қызметкеріне алғыс білдірілген хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 14.01.2026 -
Депутат Үкіметтен сәбіз экспортына шектеудің негізін түсіндіруді талап етті Мәжіліс депутаты Талғат Қырықбаев ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде сәбізді экспорттауға шектеу енгізу туралы ұсынысқа қатысты Үкіметке депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 14.01.2026