-
Әлемдік БАҚ Қазақстандағы Конституциялық реформа туралы не жазып жатыр Конституциялық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша ұсынылған Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында кең резонанс тудырды. Алыс шетел, Ресей және ТМД елдерінің басылымдары болып жатқан өзгерістерді әртүрлі қырынан талдап, құндылықтар, азаматтардың қатысуы, аумақтық тұтастық және болашақ мемлекеттік басқару моделі мәселелеріне назар аударады. Толығырақ – BAQ.KZ тілшісінің шолуында. 04.02.2026 -
Astana Motors, АҚШ және Корея компаниялары Қазақстанда автокомпонент зауытын салады ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен Қазақстанда алюминий дөңгелек дискілерін өндіру жөніндегі меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 04.02.2026 -
"Сенбеңіздер": Германияда қаза тапқан қазақстандық судьяның күйеуі Мәскеуде жауап берді Ресейлік журналистер Германияда қаза тапқан қазақстандық судья Айгүл Сайлыбаеваның ісіне қатысты деп аталған Донцовтар отбасының анасы мен ұлын Мәскеуден тапты. Олар Ресей астанасында тұрып, жұмыс істейді. Бұл туралы 112 telegram-арнасы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 04.02.2026 -
Қазақстан базарларында жалған брендтер еркін сатылып жатыр – депутат Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов Қазақстанға жалған өнімдер әкелініп, базарларда ашық сатылып жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Colgate тіс пастасының қолдан жасалған түрлері анықталған. Сырт келбеті түпнұсқаға ұқсаса да, қаптамасы мен таңбалауында сәйкессіздік болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 04.02.2026 -
Ресейде диверсия жасады деген күдікпен екі қазақстандық қамауға алынды Ресей Федерациясы, Ленинград облысының Ломоносов аудандық соты диверсия жасады деген күдікпен Қазақстанның 2006 жылы туған екі азаматын қамауға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ленинград облысы соттарының біріккен баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 04.02.2026 -
Қазақстан үшін маңызды шешім: Қант, мыс, жеміс-жидек импортына баж алынбайды Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі отырысында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экономикасы үшін бірқатар маңызды шешім қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 03.02.2026 -
Адам ұрлау, бопсалау және өрт қою: Астана мен Алматыда қылмыстық топ мүшелері ұсталды Астана және Алматы қалаларында ІІМ мен ҰҚК қызметкерлері бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар қылмыстық топ мүшелерін ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ ІІМ-ге сілтеме жасап. 03.02.2026 -
Тараздағы фосфор зауытындағы апат: Ауыр күйік алған жұмысшы қайтыс болды Тараз қаласында Новожамбыл фосфор зауытының жұмысшысы өндірістік оқиғадан кейін көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ КТК-ға сілтеме жасап. 03.02.2026 -
Абай облысында автобус аударылды: 50 адам зардап шекті Семей – Қайнар трассасында 31 қаңтар күні таңертең 50 жұмысшы мінген автобус аударылды. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді, өміріне қауіп жоқ. Полиция апат себептерін анықтап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 03.02.2026 -
"Әлем оны әкесі соққыға жығу үшін құтқарған жоқ": Жәбірленген 3 жасар қыз туралы жаңа деректер пайда болды Талдықорғанда үш жасар қыздың аяусыз соққыға жығылуына қатысты оқиға жаңа мәліметтермен толықты. Қайырымдылық қорының жетекшісі Екатерина Доброва әлеуметтік желідегі жазбасында баланың бұрын ауыр дертпен күрескенін және оны әкесінің зорлық-зомбылығынан қорғау үшін атқарылған жұмыстар туралы ашық жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 03.02.2026 -
Жанжалдан кейін: Серік Сәпиев пен оның орынбасары қызметтен кетті Қарағандыда спорт кешенінде болған жанжалдан кейін Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов өз өтініштерімен қызметтерінен босатылды. Полиция қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 03.02.2026 -
Әлемде: АҚШ пен Үндістан келісімі, Венгрияның ЕО-ға шағымы және Ирандағы қауіп АҚШ пен Үндістан сауда келісімі, Венгрияның ЕО-мен дауы, Ирандағы ықтимал наразылықтар, Ыстамбұлдағы метро апаты және ДДҰ-ның дағдарысы – BAQ.KZ тілшісі әлемдегі маңызды бес жаңалыққа шолу жасап, назарларыңызға ұсынады. 03.02.2026 -
Шаққалиев Конституция жобасының бизнеске әсерін түсіндірді Елімізде Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясы жобасын талқылау аясында маңызды әрі мазмұнды қоғамдық диалог жүріп жатыр. Бұл – формалды үдеріс емес, мемлекеттің қоғаммен бірге ел болашағы жөнінде жүргізіп отырған ашық әрі жауапты пікір алмасуы. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 03.02.2026 -
Мұғалім сабаққа кешіккен студентті 100 рет "отжимание" жасауға мәжбүрлеген Атырау энергетика және құрылыс колледжінде студент сабаққа 6 минут кешігіп келгені үшін 100 рет отжимание жасауға мәжбүрленді. Жасөспірімнің жағдайы нашарлап, жедел жәрдем шақырылды. Мұғалімге тәртіптік жаза қолданылды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 02.02.2026 -
Әсет Ерғалиев жаңа қызметке тағайындалды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 02.02.2026 -
36 млн теңге шығын: Жетісуда интернет-алаяқтардың call-орталығы әшкереленді Жетісу облысының полиция қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен ауқымды интернет-алаяқтықпен айналысқан тұлғалардың әрекетін тоқтатты. Заңсыз схеманы ұйымдастырушы Алматы қаласының 23 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол қатысушылар арасында міндеттерді нақты бөліп, жасырын call-орталық құрған, деп хабарлайды BAQ.KZ. 02.02.2026 -
Бурабай мектебінде асхана дауы: Директор қызметінен босатылды Бурабай кентіндегі мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру барысында заңбұзушылықтар анықталды. Жеткізуші жалған мәлімет берген, ал қызметті рұқсатсыз үшінші тұлғалар атқарған. Прокуратура араласқаннан кейін шарт бұзылып, мектеп директоры қызметінен босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 02.02.2026 -
TikTok-тан 5,5 млн теңге пайда тапқан "емші" сотталды Астана тұрғыны TikTok-та өзін "емші" ретінде таныстырып, үш адамды алдап 5,5 млн теңгеден астам ақша алған. Қаражатты букмекерлік кеңселерде жұмсаған алаяқ 2 жыл 4 айға сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 02.02.2026 -
Қазақстанда АҚШ пен Украина азаматтарына іздеу жарияланды Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша екі шетел азаматын іздеуге жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 02.02.2026 -
"Танысым бар": ҰБТ-сыз университетке түсіруді уәде еткен алаяқ ұсталды Астанада ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орнына түсіремін деп уәде берген алаяқ ұсталды. Күдікті абитуриенттен 480 мың теңге алып, байланысқа шықпай кеткен. Полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ. 30.01.2026