Астанада жылу желілері ерекше тексеріледі: Тұрғындарға маңызды ескерту жасалды
4 сәуірде Астанада жылу желілерін тексеру үшін арнайы бояғыш қосылады.
Астанада 2026 жылғы 4 сәуірде жылу желілерін тексеру мақсатында жүйеге арнайы органикалық бояғыш жіберіледі.
«Астана-Теплотранзит» АҚ мәліметінше, жылу желілерінің контурына «Натрий флуоресцеині» (Уранин А) бояғышы қосылады. Бұл шара құбырлардағы жасырын ақауларды, су қыздырғыштардың бекітуші арматурасы мен тұтынушылардың жылу желілеріндегі тығыз еместіктерді анықтауға мүмкіндік береді.
Мамандардың айтуынша, бояғышты пайдалану желілік судың ысырап болу себептерін дер кезінде анықтап, ақауларды уақтылы жою үшін қажет.
Уранин А адам ағзасы үшін қауіпсіз екенін атап өтті. Ол жылумен жабдықтау жүйесінде бояғыш индикатор ретінде қолдануға рұқсат етілген. Сонымен қатар бұл зат құбыр суының сапасына әсер етпейді, - деп түсіндірді компания өкілдері.
Алайда бояғыштың ыстық сумен жабдықтау жүйесінде пайда болуы су ысытқыштың зақымдалғанын білдіреді. Егер краннан жасыл түсті ыстық су аққаны байқалса, тұрғындар дереу тиісті қызметтерге хабарлауы қажет.
Мұндай жағдайда келесі нөмірлерге қоңырау шалу керек:
– «iKOMEK 109» қызметі;
– «Астана-Теплотранзит» АҚ жедел-диспетчерлік қызметі: 77 12 00, 77 12 11 (тәулік бойы);
– Реттеу қызметінің диспетчерлері (жұмыс күндері 08:00–12:00 және 13:00–17:00 аралығында):
79 88 96 – «Есіл» және «Нұра» аудандары;
39 69 11 – «Сарыарқа» және «Байқоңыр» аудандары;
77 12 92 – «Алматы» және «Сарайшық» аудандары.
Мамандар ыстық сумен жабдықтау жүйесінде желілік судың болуына жол берілмейтінін ескертті.
- Қазақстан сәндік көшет өндірісін дамытып, импортқа тәуелділікті азайтпақ 17:17
- "Қазақ бауырларымызды жеңісімен құттықтаймыз!": Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы мәлімдеме жасады 17:03
- Алматыда екі ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне пышақпен қоқан-лоқы көрсеткен 16:47
- АҚШ-та бензин бағасы рекордтық деңгейге жетті 16:29
- Қазақстандықтарға бүгіннен бастап зейнетақы жинағын басқаруға жаңа мүмкіндік берілді 16:11
- «Әдебиеттегі мұңды халықтың трагедиясына айналдырмау керек» – Мереке Құлкенов 15:47
- Қарағандыда екі адамды өлтірді деген күдікпен 56 жастағы ер адам ұсталды 15:35