Америкалық саясаттанушы әрі жазушы Билл Ричардсон Астана халықаралық форумындағы Қазақстанның рөлі туралы айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Астана халықаралық форумы өте маңызды диалог алаңы. Қазақстан соңғы жылдары көптеген форумда көшбасшы болып жүр. Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінен үлкен әсер алдым. Оның ішінде, әсіресе климаттың өзгеруі туралы және Еуропа мен Азияның арасындағы дәліз туралы аса маңызды тақырыптарды қозғады, - деді Билл Ричардсон.
Ол Қазақстанға осымен төртінші рет келіп отырғанын атап өтті.
Алғашқы рет ЭКСПО көрмесіне келдім. Қазақстан жер көлемі бойынша ең алпауыт елдердің бірі. Сонымен бірге жер байлығы, оның ішінде мұнай мен газға бай ел. Осындай кезеңде әлем елдерін өзекті диалогқа шақырып отыр. Қазақстан әркез АҚШ-пен достық қарым-қатынаста. Мен мұндай кездесуге қайта келуге де қарсы емеспін, - деді ол.