Америкалық кинорежиссер Иран діни басшысына хат жазып, соғыспауды сұрады

6 Қаңтар 2020, 09:37
3061
Бөлісу:
Америкалық кинорежиссер Иран діни басшысына хат жазып, соғыспауды сұрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық кинорежиссер Майкл Мур Иранның жоғарғы діни басшысы аятолла Али Хаменеиге өзінің Twitter және Instagram парақшалары арқылы генерал Касем Сулейманидің өлімінен кейін хат жолдағанын айтты.

Мен аятоллаға жеке хат жолдадым. Онда ирандық генералдың өлімі үшін ешқандай зомбылықпен жауап қайтармауын сұрадым. Маған және миллиондаған америкалықтарға барлығын бейбіт жолмен шешуге рұқсат етіңіздер. Бізге соғысты, кез келген соғысты тоқтату керек, - деп жазды "Оскар" жүлдесінің лауреаты. 

Бұған дейін, кинорежиссер генерал Касем Сулейманидің фотосын жариялап, америкалықтардан "бұл адамды танисыздар ма?" деп сұрады. 

Ол сіздің жауыңыз болғанын білесіз бе? Ешқашан ол туралы естіген емеспін. Бүгінгі күннің соңына қарай сізге оны жек көруді үйрете бастайды. Сіз Трамптың оны өлтіргені үшін қуанатын боласыз. Демалыстан келе жатып, ұшақта өлуге дайын болыңыз. Ұлдарыңыз бен қыздарыңызды жаңа соғыста өлтіруге дайын болыңыз. Соғыс байларды байыта береді..., - деп жазды Мур.
Майкл Мур социал-либералистік саяси көзқарастарды қолдайды. Ол әлеуметтік және саяси сатира жанрында жұмыс істейді. Өз фильмдерінде капитализм, жаһандану, мегакорпорациялар, неолиберализм және АҚШ Республикалық партиясын, оның ішін Дональд Трампты, ирак соғысын сынға алады. 2011 жылы режиссер Ливиядағы интервенцияны қатты сынаған болатын.

Айта кетсек, Иран жоғарғы көшбасшысының бас әскери кеңесшісі Хусейн Дехган CNN арнасына сұхбат бергенде генерал Касем Сулейманидің өлімі үшін кек алу үшін Иран америкалық әскери нысандарға шабуыл жасайтынын айтты. 

Ал, 5 қаңтарда Иран ядролық келісімнен бас тартты.

Иранның мемлекеттік телеарнасы Дональд Трамптың басы үшін 80 миллион доллар сыйақы беретіні туралы хабарлады, деп жазады EN24.

Өзгелердің жаңалығы