Америкалық мамандар үнді штамын «өлім тудыратын вирус» деп атады

6 Шілде 2021, 06:17
1332
Бөлісу:
Америкалық мамандар үнді штамын «өлім тудыратын вирус» деп атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «дельта» штамы деп атаған коронавирустың үнділік нұсқасының салдары басқа түрлерге қарағанда ауыр болуы әбден мүмкін. Мұндай пікірді NBC телеарнасының эфирінде АҚШ Аллергиялық және инфекциялық аурулар Ұлттық институтының директоры Энтони Фаучи мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, вирустың бұл түрі әлдеқайда жұқпалы болуы мүмкін.
Ол адамнан адамға оңай жұғады,– деді Энтони Фаучи.
Энтони Фаучи америкалық зерттеушілер танысып өткен ғылыми мәліметтер бойынша, аталған штамды жұқтырғандарды «ауруханаға жатқызуға тура келетін, ал кей жағдайларда өлімге апаратын ауыр дертке апаратындықтан» «өлім тудыратын вирус» екенін жеткізді.

Маусымның соңында АҚШ-тың Ауруларды қадағалау және алдын алу федералдық орталықтарының басшысы Рошель Валенски америкалық мамандар дельта-штамның зерттеп жүргенін мәлім етті.

Еске салсақ, «Дельта», яғни үнді штамы әлемнің 100-ге жуық елінде тіркелді. Сондай-ақ Қазақстанның барлық өңірінде үнді штамы табылды.

Өзгелердің жаңалығы