Amazon басшысы 15 минутта 13 млрд долларға байыды

31 Қаңтар 2020, 21:55
2171
Бөлісу:
Amazon басшысы 15 минутта 13 млрд долларға байыды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос – қазір әлемдегі ең бай адам. Оның байлығы 15 минут ішінде 13 миллиард долларға көбейді. Бұл туралы Bloomberg хабарлады.

Басылымның хабарлауынша, бұл компания табысы туралы тоқсандық есепті  жариялағаннан кейін болған. Есепке қарағанда компанияның табысы сарапшылар болжағаннан әлдеқайда қомақты болыпты. Әр акцияның пайдасы 6,47 долларды құраған. Мамандар бұл көрсеткішті 4,11 доллар болады деп күткен.

Есепті жариялағаннан кейін Amazon  акцияларының бағасы 12% қымбаттады. Осылайша Безостың байлығы 129,5 миллиард долларға жетіп қалды. Billionaires Index рейтингіндегі индекс 31 қаңтарда сауда жабылғаннан кейін жаңарады.

Қазір Джефф Безос Forbes нұсқасы бойынша әлемдегі ең бай адамдардың көшін бастап тұр. Оның байлығы – 116 миллиард доллар.

Өзгелердің жаңалығы