«AMANAT» партиясы Мәжіліске депутаттық мандаттарды бөлді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«AMANAT» партиясының Саяси кеңесі Бюросының шешімімен 40 кандидаттың тізімі бекітіліп, ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолданды.
Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының жаңа құрамындағы әйелдер, 35 жасқа дейінгі жастар және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың үлесі 32%.
Партиялық тізімдер бойынша Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының қорытындысына сәйкес, «AMANAT» сайлаушылардың 53,9% дауысын жинады. Бұл 40 депутаттық мандатқа сәйкес келеді.