AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Германияның Қазақстандағы елшісімен кездесті

1 Сәуір 2022, 15:35
1432
Бөлісу:
AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Германияның Қазақстандағы елшісімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Моника Иверсенмен кездесті. Тараптар саяси ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Бұл туралы AMANAT партиясының  баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде Асхат Оралов Германия Қазақстанның Еуропадағы негізгі әріптестерінің бірі екенін атап өтті.

Осы жылдар ішінде берік, сындарлы саяси диалог орнап, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастар қарқынды дамып келеді. Бізді Германиядағы партия құрылысының тәжірибесі, сайлаушылармен жұмыс істеу әдістері, жалпы партиялық жүйесі қызықтырады, - деді атқарушы хатшы.

Асхат Оралов AMANAT партиясының өткен XXII Съезінің қорытындылары, мобильді қоғамдық қабылдаулардың іске қосылуы және TALQYLAU диалог алаңының жұмысы сияқты партияның қазіргі күн тәртібімен бөлісті.

Өз кезегінде Германияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі парламентаралық ынтымақтастық екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастың маңызды құрамдас бөлігі екенін айтты.

Өткен жылдың қыркүйек айында біздің Үкімет қайта жасақталып, Христиан-Демократиялық Одақ партиясы 16 жыл ішінде алғаш рет оппозицияға кетті. Бұл – белгілі бір сын-қатерлер туғызатын біз үшін аса үйреншікті емес жағдай. Дегенмен, болашақта біздің парламенттік ынтымақтастығымыз одан әрі нығайып, парламентаралық байланыстар жандана түсетініне сенеміз, - деді Моника Иверсен.

Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты белсенді дамытуға және партияаралық диалогты одан әрі нығайтуға келісті. 

Өзгелердің жаңалығы