AMANAT партиясы сізге несімен ұнамайды? - Қошанов

29 Наурыз 2023, 14:22
1266
Бөлісу:
AMANAT партиясы сізге несімен ұнамайды? - Қошанов
Фото: автордан

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін палата төрағасы Ерлан Қошанов журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сайлау өтті. Нәтиженің тағы да сондай екенін көріп отырмыз. Қазақстандықтар салықтың миллиардтаған қаржысын жұмсап, тағы AMANAT-тың Мәжіліс қатарына келгенін айтып, сұрақтар мен күмән туындап жатыр. Сондай-ақ өтпей қалған депутаттардың да наразылығы бар. Олар сайлауды тиімсіз өтті деп есептейді. Осыған қатысты ойыңыз қандай? - деп сұрады журналист Мәжіліс төрағасынан.

Өз кезегінде Мәжіліс спикері журналистің сұрағына жауап берді.

Алдымен AMANAT партиясы сізге несімен ұнамайды? Халыққа ұнайды. Халық сайлады. Мен сайлау ашық, әділ өтті деп санаймын. AMANAT-тың 53,9 пайыз дауыс жинағаны - лайықты жеңіс. Біз өңірлерді араладық, - деді Қошанов.

Ол халық қолдауын сезінгенін айтты.

Сол себепті де 53,9 пайыз дауыс жинадық. Бұл біздің лайықты жеңісіміз. Сондай-ақ көңілі толмағандар туралы айта алмаймын. Мен жай ғана AMANAT партиясының төрағасымын.  Әрине, жеңілгендердің әрқашанда көңілі тола бермейтіні белгілі. Мен айтарлықтай дүрбелең болып жатыр деп ойламаймын, - деп түсіндірді Мәжіліс спикері кулуарда.

Өзгелердің жаңалығы