Мақат ауданындағы алып резервуар мәдени орталыққа айналады

7 Ақпан 2020, 14:03
4343
Бөлісу:
Мақат ауданындағы алып резервуар мәдени орталыққа айналады
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысы Мақат ауданында су сақтайтын резервуарды мəдени орталыққа айналдыруда. Қырық жылдан бері аудан орталығында бос тұрған қазандықты əкімдікке жергілікті кəсіпкер сыйға тартқан.

Осыдан кейін əкімдік одан айырықша жоба жасауды қолға алыпты. Облыстық бюджеттен 170 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары өткен жылдың тамыз айында басталып кеткен. Құрылысшылар қазандықтың сыртына қызылды-жасылды бəйшешектердің суретін салыпты. Бұл ауа райының қолайсыз кезеңдерінде бүлінбейтін, арнайы кемелердің сыртын сылайтын бояулармен салынған екен.

резервуар 2.jpg

Құрылыс жұмыстарын тамыз айында бастап кеттік. Мұндай ерекше жобаны өз тəжірибемізде алғаш рет жасап жатырмыз. Дөңгелек ішінен метал құрылымдарын құрастыру оңай болған жоқ. Жұмысымыздың жетпіс пайызын
аяқтап қалдық. Отандық құрылыс материалдарын пайдаланып жатырмыз. Резервуардың ішінде ешқандай қауіптілік жоқ, - дейді мердігер мекеме өкілі Ерболат Бакиров.

Ерболат Бакиров.jpg

Шеңбер іші 3 қабатқа бөлінген. Бірінші қабат - жастар орталығы, екінші қабат - мұражай, ал үшінші қабат аудан тұрғындары мен қонақтарына арналған көрме болады екен.

резервуар 1.jpg

Атырау облысының барлық аудандарында жастар үйі бар. Ал Мақат ауданында жоқ. Облыс, аудан басшылары ақылдасып, бұл қазандықты жастар үйіне айналдыруды бірауыздан келістік. Оған қоса ауданымызда мұражай да жоқ. Өңіріміздің құндылықтары мен жəдігерлерін паш ететін орынды да осы жерден ашпақпыз. Осылайша нысан барлық талап етілген сараптамалардан өтті. Ерекше жоба болады деген сенімдеміз. Бұл тек қана жастар үйі емес мəдени орталық та болады. Енді наурыз айында ашамыз деген жоспардамыз, - дейді Мақат ауданы құрылыс бөлімі басшысы Ерлан Мусин.

Өзгелердің жаңалығы