Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов 2023 жылға дейін шаһарды дамытудың кешенді жоспарын таныстырды.
Отырыстан кейін тілшілер Шымкенттен арнайы келген әкімге сұрақтарын қойды. Ғабидолла Әбдірахымов 2023 жылға дейін туристерді көптеп тарту үшін қолдан келген барлық жағдайды жасайтынын айтты.
Журналистердің бірі әкімнен Шымкентте қыздарды алып қашу көп екенін айтып, туристерге бұл жағынан қаншалықты қауіп барын сұрады.
«Шымкентте ешкім қыздарды ұрламайды. Маған кейде қыздардың өзі жігіттердің алып қашқанын қалайтын сияқты көрінеді", - дейді әкім тілшінің сұрағына берген жауабында.