Ғалымдар СOVID-19 антиденелері ағзада қанша уақыт сақталатынын анықтады

4 Қыркүйек 2020, 11:38
2107
Бөлісу:
Ғалымдар СOVID-19 антиденелері ағзада қанша уақыт сақталатынын анықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Антиденелер деңгейі аурудан кейін кем дегенде төрт ай бойы тұрақты болып қалады. Сондай-ақ, егде жастағы пациенттерде және аурудың ауыр түрлерімен ауыратын науқастарда антиденелер көп анықталған.

Адам ағзасындағы коронавирусқа қарсы антиденелер кем дегенде төрт ай бойы сақталады. Бұл тұжырымды исландиялық ғалымдар айтты, деп хабарлайды The New England Medicine журналы. Зерттеу жүргізу үшін ғалымдар 30 000-нан астам қан сынамасын алған.

Сынама адамдардың үш тобынан алынды:

• Сovid-19 инфекциясының расталған жағдайлары бар пациенттер;
• вирус әсеріне ұшыраған, бірақ инфекция жұқтырмаған адамдар;
• вирус жұқтырмаған адамдар.

Зерттеушілер антиденелердің бірнеше сынағынан өткен 487 адамнан тұратын шағын топқа қатысты зерттеуді назарға алды, бұл антиденелер деңгейінің тұрақты немесе уақыт өте келе төмендейтінін талдауға мүмкіндік берді.

Бұл топта диагноз қойылғаннан кейінгі алғашқы екі айда антиденелер деңгейі жоғарылап, келесі екі айда тұрақты болып қалғаны анықталды.

Сонымен қатар, исландиялық «deCODE genetics» биотехнологиялық компаниясының негізін қалаған доктор Кари Стефанссон зерттеу белгілері жоқ және ешқашан COVID-19-ға тексерілмеген адамдардың көпшілігінде антиденелер болғанын айтты.

Сонымен қатар, ғалымдар инфекциядан кейін барлық адамда бірдей антидене пайда болмады деген қорытындыға келді. Бұл кейбір пациенттерде әлсіз иммунитетке байланысты болуы мүмкін деп болжануда.

Зерттеушілер тағы бірнеше қызықты тенденцияны атап өтті. Егде жастағы пациенттерде және аурудың ауыр түрлерімен ауыратын науқастарда антиденелер деңгейі жоғары болған. Әйелдерде ерлерге қарағанда антиденелер деңгейі төмен болған, ал темекі шегушілерде темекі шекпейтіндерге қарағанда антиденелер деңгейі едәуір төмен екені анықталған.

Жалпы, деректер антиденелер деңгейі кем дегенде төрт ай бойы тұрақты болып қалатынын көрсетеді. Сонымен қатар, ғалымдар адам вирусты қайта жұқтырған кезде бұл антиденелердің әсері қандай болатынына қатысты сұраққа нақты жауап бере алмады.

Өзгелердің жаңалығы