Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық және швейцариялық ғалымдар 2003 жылы атипиялық пневмония (SARS-CoV вирусынан) өршіген кезде ауырған адамдарды зерттеді. Олардың ағзасы COVID-19-ды жұқтырмайтыны белгілі болды деп хабарлайды РИА Новости.
Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұған дейін SARS-CoV вирусын жұқтырғандардың ағзасында антиденелер бөлінген. Олар S-ақуызға негізделген. Ал бұл ақуыз жасуша бетіндегі рецепторлар мен коронавирустың түйісуіне жауап беретін көрінеді.
Ғалымдардың айтуынша, мұндай антидене түрлерінің бірі - S309 - SARS-CoV-2 S-ақуызын бейтараптандыра алады. Осылайша, жедел респираторлы синдроммен ауырғандар COVID-19-дың жаңа типін жұқтырмауы мүмкін.
Мұндай антиденелерді COVID-19-дың асқынған түрін емдеуге және алдын алуға қолдануға болатыны айтылды. Соңғы мәліметке сәйкес, әлемде 4,8 миллион адам коронавирус жұқтырған, 1,7 млн адам жазылып шықты. 318 мыңнан астам адам көз жұмды.