Алуа Балқыбекова бокстан әлем чемпионатында күміс жүлде алды

20 Мамыр 2022, 10:13
925
Бөлісу:
Алуа Балқыбекова бокстан әлем чемпионатында күміс жүлде алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Алуа Балқыбекова бокстан Ыстамбұлда өтіп жатқан 2022 жылғы әлем чемпионатында финалда рингке шықты, деп хабарлады Prosports.kz. 

48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова финалда түркиялық Айше Чагирирмен кездесті. 

Жекпе-жек төрешілердің шешімімен Чагирирдің пайдасына аяқталды. 

Осылайша, Алуа Балқыбекова 2022 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.  Бұған дейін Қазақстан әлем чемпионатында төрт қола медаль иеленген.

Өзгелердің жаңалығы