Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова (51 келі) алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Финалда ол түркиялық Бусеназ Чакыроглумен кездесіп, алғашқы екі раундта жинақы қимылдап, қарсыласына көбірек соққы дарытты. Қорытындысында төрешілердің шешімімен Балқыбекова әлем чемпионы атанды.
Бұл алтын – Қазақстан құрамасының Ливерпульдегі үшінші жеңісі. Бұған дейін:
- Махмұд Сабырхан (55 келі),
- Санжар Ташкенбай (50 келі) әлем чемпионы атанған еді.
Кешкі сессияда қазақстандықтар тағы бірнеше алтынға таласады:
- Төрехан Сабырхан (70 келі),
- Айбек Оралбай (90 келі),
- Аида Әбікеева (65 келі),
- Наталья Богданова (70 келі) өз қарсыластарымен финалда күш сынасады.