Алтындарын өзі сатқан: Тараздық әйел полицияға жалған хабар берген

Полицейлердің мәліметінше, әйел адам күйеуімен жанжал туындамас үшін бұл оқиғаны ойдан шығарған.

 BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 08:32
Бүгiн 2026, 08:32
474
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Тараз қаласында тұрғынның қарақшылық шабуыл туралы хабарламасы жалған болып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияға жергілікті әйелден үйіне бетперде киген белгісіз ер адам кіріп, қарумен қорқытып, қолдарын байлап, алтын бұйымдары мен ақшасын алып кеткені туралы хабарлама түскен.

Ауыр қылмыс туралы ақпараттан кейін полиция қызметкерлері жедел түрде тергеу және іздестіру шараларын бастап, тиісті қызметтер жұмылдырылды. Алайда тексеру барысында ешқандай қарақшылық шабуыл болмағаны анықталды.

Полицейлердің мәліметінше, әйел адам күйеуімен жанжал туындамас үшін бұл оқиғаны ойдан шығарған. Шын мәнінде ол алтын әшекейлерін бірнеше ай бұрын күйеуіне айтпай сатып жіберген.

Аталған дерек бойынша қылмыс туралы көрінеу жалған хабарлама беру фактісімен тергеу амалдары басталды.

Полиция жалған хабарлама жасау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Мұндай әрекеттер құқық қорғау органдарының нақты қылмыстарды ашу жұмыстарына кедергі келтіреді.

Наверх