Президент "Алтын сапа" және "Парыз" сыйлықтарын табыс етті

13 Желтоқсан 2019, 13:36
9427
Бөлісу:
Президент "Алтын сапа" және "Парыз" сыйлықтарын табыс етті
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Алтын сапа" және "Парыз" байқауының жеңімпаздарын марапаттады. 

Индустрияландыруды табысты жүзеге асыру баршамызға ортақ міндет. Бұл ретте бизнес өкілдеріне үлкен үміт артамыз. Кәсіпкерлік - ел экономикасының қозғаушы күші. Сонықтан түрлі кәсіпорындардың жұмысын жандандыруға әрдайым зор мән береміз. Соның айқын көрінісі ретінде бүгін биылғы индустрияландыру шараларын қорытындылап, сала үздіктерін атап өту үшін жиналып отырмыз, - деді мемлекет басшысы.
image-13-12-19-12-38-9.jpeg

Тоқаев іскер азаматтар Қазақстанды танытуға және ел экономикасын ілгерілетуге мол үлес қосып келе жатқанын атап өтті. 

Бүгінгі марапат сіздердің еңбектеріңізге мемлекет тарапынан берілген жоғары баға. Осындай игі бастама еліміздегі кәсіпорындарды дамытуға ерекше серпін беретіні анық. Отандық өнім өндірушілерді зор жетістіктерге ынталандырады деп сенеміз. "Парыз", "Алтын сапа" және "Қазақстанның үздік тауары" ұлттық байқауларының жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймын. Баршаңызға амандық, табыс тілеймін, - деді Тоқаев.
image-13-12-19-12-38-6.jpeg

"Парыз" байқауының гран-приін "Еуразиялық топ" компаниялар тобы иеленді. Президент компания басшысы Александр Машкевичке марапатты табыс етті. "Парыз" сыйлығының "Үздік отандық әлеуметтік кәсіпорын" номинациясы бойынша "алтын" жүлдесі "Абзал және К" компаниясына берілді (Қызылорда облысы).

image-13-12-19-12-38-11.jpeg

"Бёмер Арматура" ЖШС (Қарағанды обл.) "Үздік индустриалды жобасы" номинациясы бойынша Қазақстан президентінің "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атанды. "Үздік инновациялық жоба" номинациясын "СКЗ-U" ЖШС жеңіп алды (Қызылорда обл.) 

Биыл байқауға 446 өтінім келіп түсті (141 кәсіпорын – ірі кәсіпкерлік субъектісі, 305 кәсіпорын – шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі).

Өзгелердің жаңалығы