Алтын Орда дәуіріне тиесілі елімізден табылған жалғыз шапан үлгісі елордаға әкелінді

11 Ақпан 2022, 18:50
3262
Бөлісу:
Алтын Орда дәуіріне тиесілі елімізден табылған жалғыз шапан үлгісі елордаға әкелінді
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы Ұлттық музейде Ұлытау өңіріндегі Болған Ана кесенесінен табылған жәдігерлердің көрмесі ашылды. Көрменің басты жәдігері – Болған ананың жаңғыртпасы болып отыр. 

Көрмеге одан бөлек, ер-тоқым, әшекейлер, айна, кездік, шапан, бағалы металдан жасалған ыдыс және антропологиялық материалдар қойылған.  

 

 

Алтын Орда дәуіріне тиесілі елімізден табылған жалғыз шапан үлгісі елордаға әкелінді
Алтын Орда дәуіріне тиесілі елімізден табылған жалғыз шапан үлгісі елордаға әкелінді
Алтын Орда дәуіріне тиесілі елімізден табылған жалғыз шапан үлгісі елордаға әкелінді

 

Бүгінгі көрме – ерекше. Қасиетті Сарыарқа төріне Қарағанды жерінен жәдігерлер, Болған ананың жаңғыртпасы әкелінді. Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы 2 жыл бұрын Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойын атап өтуді жариялаған еді. Бүгінгі көрме сол шараның аясында жүзеге асырылып отыр. Өз тарихымызды жаңғырту – баршамызға парыз. Бүгінгі көрмені ұйымдастыруға үлес қосқан әр азаматқа алғысымды айтамын, - деді Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Алтын Орда дәуіріне тиесілі елімізден табылған жалғыз шапан үлгісі елордаға әкелінді

 Ал археолог-реставратор маманның айтуынша, ханшаның жаңғыртпасын жасаған кезде пішімі, тігісі, биіктігі, өлшеміне дейін барынша түпнұсқаға сәйкестендіруге тырысқан.

Алтын Орда дәуіріне тиесілі елімізден табылған жалғыз шапан үлгісі елордаға әкелінді

Орталық Азия бойынша тарихи жәдігерлерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізетін зертхана құрдық. Шапан мен етікті жасауға 9 ай уақыт кетті. Ал заттарды қалпына келтіру 3 жылдан бері әлі жалғасып жатыр. Бұл өте көп еңбекті талап ететін жұмыс. Мәселен, шапанды тігу үшін зерлі жібек қамқа матаны Үндістандағы фабрикадан арнайы алдырттық. Шапанға ғана 20 метр мата кетті. Болған ананың киімі – нағыз ханшаныкі. Бұл – Қазақстанда табылып, сақталған осындай жалғыз жәдігер, – деді археолог-реставратор, ежелгі кездеме технологиясы бойынша бірегей маман Татьяна Крупа. 

Алтын Орда дәуіріне тиесілі елімізден табылған жалғыз шапан үлгісі елордаға әкелінді

 

Болған ана кесенесіне археологиялық қазба жұмысы 2018 жылы басталыпты. 

Зерттеу жұмысы бір ғана адамның жұмысы емес. Антрополог, реставратор, генетик, археолог, қолөнер шеберлері бірігіп жасады. Құндылығына тоқталар болсақ, Болған ананың шапаны Қазақстан аумағынан табылып отырған Алтын Орда дәуіріне тиесілі жалғыз шапанның үлгісі. Болған ана кесенесінен табылған антропологиялық деректер негізінде еліміздегі алғашқы гиперреалистік мүсінді дайындадық. Оның авторы – Айдос Есмағамбетов, - деді ҚР Ұлттық музейінің халық қазынасы ғылыми зерттеу институтының басшысы, PhD доктор, археолог Айбар Қасеналин. 

Алтын Орда дәуіріне тиесілі елімізден табылған жалғыз шапан үлгісі елордаға әкелінді

Көрмені ұйымдастырушылар Алтын Орда дәуірінің тарихын кеңінен насихаттап, еліміздегі құнды жәдігерлерді көпшілікке таныстыруды мақсат тұтып отыр. 

 

Өзгелердің жаңалығы