«Алтын Орда» базарының иесіне айыппұл салынды

22 Шілде 2022, 22:14
2189
Бөлісу:
«Алтын Орда» базарының иесіне айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Алтын Орда» базарының иесі әкімшілік жауапқа тартылғанын мәлімдеді.

Сот шешімімен компанияға 1,5 млн теңгеге жуық айыппұл салынды.

Алматы облысы Қарасай ауданы Әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен «Altyn Orda QazTrade LTD» ЖШС әкімшілік жаупкершілікке тартылып, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодкестің 159-бабының 3-бөлігіне сәйкес, монополиялық жоғары бағаны қолдану кезінде алынған монополиялық кіріс 46 976 550 тенге көлемінде тәркілене отырып, 1 424 776 тенге көлемінде айыппұл салынды, - делінген хабарламада.

Агенттік таратқан мәліметке қарағанда, бұған дейін Алматы облысы бойынша монополияға қарсы департамент «Altyn Orda QazTrade LTD» ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қозғап, материалдарды қарау үшін Алматы облысының Қарасай мамандандырылған ауданаралық сотына жіберген.

Атап айтқанда, 2022 жылғы наурызда «Алтын Орда» базарын тексеру қорытындылары бойынша серіктестік қызметінде сауда орындарын күнделікті жалға беруде монополиялық жоғары бағасын белгілеуден және ұстап тұрудан көрінетін үстеме немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактілері анықталған, - деп хабарлады ведомстводан.

Қарасай мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы